Сайрамдағы сан сала

0
138

Сайрам ауданы Ақсукент ауылында «ЮКЗПТ» ЖШС резіңке және пластикалық бұйымдар, полиэтилен трубалар шығаратын зауыт 2015 жылдан жұмыс бастаған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алған бұл өндіріс орнының жылдық қуаты 10 мың тонна. Бүгінде толығымен өзін-өзі қаржыландырып, 33 адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Біз 2015 жылдан бері көлемі әрқалай 18 түрлі труба шығарамыз. Өнімі ішкі нарықта саудаланады, – дейді зауыт жұмысшылары.

«Алма СПК» шұжық өнімдерін шығарытын кәсіпорны дәмі тіл үйіретін шұжықтардың отаны. Бұл өндіріс орны 2006 жылы іске қосылған. Шұжық цехы айына 1 тонна өнім өндіреді.

«АЛМА» шаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы Ақылбек Шалқаровтың айтуынша, бүгінде кәсіпкер 23 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жаңа цех ашу үшін қосымша ғимарат дайындаған. Әзірге қажетті техникалық жабдықтауға тағы 50 млн. теңге қаржы керек екен.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алған өндіріс орны шикізатты «Шұбар» асыл тұқымды кешені» ЖШС мен «Delice» ЖШС және «Сынар Групп» ЖШС-нен алады. Өнім бүгінгі таңда тек ішкі нарықта саудалануда.

 

Сонымен қатар Сайрамдағы «Ecoinvest SA» ЖШС-не қарасты жыл он екі ай өнім беретін жылыжайды атамай кетпеске болмас. Бұл жылыжай жылына 350 тонна өнім береді. Мұнда қысқы маусымда 150 және жазда 250 адам жұмыспен қамтылады екен.

– Жылыжай 2019 жылы іске қосылды. Өнімдер қазір еліміздің солтүстік өңірлеріне, одан бөлек Ресейге экспортталуда, – дейді жылыжай қызметкерлері.

Leave a reply