САЙРАМДА ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

0
122

Сайрам аудандағы 68 өнеркәсіп кәсіпорындармен 47,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылға қарағанда 12,2 млрд теңгеге артық өнім өндірілген. Оның ішінде өңдеу саласы дамып келеді, оның өнеркәсіп саласындағы үлесі 86%-ға жетті, яғни 41 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Көрсеткіштің өсу қарқынымен аудандар арасында Сайрам 2 орында.

Құрылыс индустриясын дамытуда кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен 30 жұмыс орнымен газоблок шығаратын зауыт іске қосылды («Корпорация АЯН» ЖШС-і)

Жалпы, өнеркәсіп саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жыл қорытындысымен өнім көлемін 52,7 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.

 

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты шешімдер мен тапсырмалар берді. Соның бірі кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру. Бұл жастарға үлкен қолдау болып табылады, бүгінгі таңда жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 161 азаматқа мемлекеттік грант берілген.

Жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған мемлекеттік гранттардың ұсынылуы, өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен кәсіпкерлікпен айна­лысуға ниет білдірушілердің арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.

Ауданда ауыл шаруашылық бағытында кәсіпкерлік дамып жатыр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 17 мыңнан асты, салада 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 156,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Жоспар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 180,0 млрд теңгеге жеткізу межеленіп отыр.

Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қаржыландыру жұмыстары  жақсы жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарлама аясында 175,0 млн теңгелік 2 жоба, «Қарапайым заттар  экономикасы» бағдарламасымен құны 240,0 млн теңгелік 4 жоба қаржыландырылған, микрокредиттік ұйымдар арқылы 2494 адам 1,9 млрд теңгеге несиеленген.

Leave a reply