Түркістандық жастар мерекені қайта жаңғыртты

0
124

Қазақстандықтар ұлттық мереке — Республика күнін атап өтуде.Тәуелсіздікті ұлықтайтын мерекені дәріптеуге түркістандық жастар да белсене атсалысты. «Jastar ruhy» ЖҚ Түркістан облыстық филиалы “Бір тудың астында” акциясы аясында шеру ұйымдастырды. Қ.А.Ясауи кесенесі маңынан электрокармен басталған шеру “Керуен Сарай” ойын-сауық орталығына дейінгі бағытты қамтыды. Жастар Мемлекеттік рәмізіміз Туды көтеріп, қала тұрғындары мен қонақтарына патриоттық рух сыйлады. Жүздеріне қуаныш ұялаған азаматтар ұялы телефондарына әсем көріністі таспалап, жастардың бастамасына өз ризашылықтарын жеткізді. Мұнан әрі қаланың бас көшесі Б.Саттархановтың бойымен әкімшілік-іскерлік орталығы аралығында автошеру ұйымдастырылды. Жалпы 50-ге жуық белсенді жастың басын біріктірген шараның ұйымдастырушысы акцияның мақсатымен бөлісті.

«Түркістандық жастар қайта жаңғырған мерекені насихаттауға үлес қосуды шештік. Республика күні — отаншылдыққа және егемендігіміздің қадірін ұғынуға шақыратын мерекелердің қатарына енді. Біз бұл мерекенің маңызын, салмағын және жауапкершілігін шынайы сезінеміз. Акцияға белсенді жастардан бөлек, қаланың азаматтары да қатысқаны қуантты. Қазақ елін Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көк Байрағымыз мәңгі желбіресін!», — деді «Jastar ruhy» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген. Жастар үшін ең бастысы – білім. Себебі білімді азамат өзін еркін сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды және қай бағытта қозғалу керек екенін біледі. Әрбір жас қазақстандық осыған ұмтылуы тиіс. Әрине, мамандық таңдау –  күрделі мәселе. Сондықтан биыл мектептерде жетінші сыныптан бастап оқушыларға кәсіптік бағдар беретін мұғалім жұмыс істейді. Ол оқушыларға дұрыс бағыт таңдауға көмектеседі. Жас ғалымдарға нақты мүмкіндіктер жасалып жатыр. Бүгінде елімізде бас-аяғы 34 000 ғалым бар болса, соның 8 700-і – жас ғалымдар. Яғни ғалымдардың 24 пайы­зы – ел жастары. Сол жас ғалымдарға биылдан бастап бір мың грант беріледі. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 50%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Алдымызға осындай мақсат қойдық. Бұл – жастарға жасалып жатқан қомақты қолдау. Шетелде жүрген қаншама білімді азаматымыз бар. Оларды да елге тарту мәселесі қолға алынып жатыр.

Leave a reply