Түркістан жастарының тілегі орындалды

0
163

Ақмола облысының Зеренді ауылында өткен «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI съезіне Түркістан облысы атынан 12 делегат қатысқан болатын. Бүгін партияның Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев съезге өңір атынан қатысқан делегаттармен кездесу өткізді. Ауқымды шарадан алған әсерлері мен онда көтерілген мәселелер
партия жастар қанатының жаңа атауға ие болуы жастарды жігерлендіретіндігін және жетістікке жетелейтіндігін атап өтті.

Жаңа Қазақстанның талабы – ұраншылдық емес, бұл жастардың жаңа білім үйренуі, жаһандық технологияларды игеруі, өзгерістерге әрдайым дайын болуы. Бүгінгі таңда өңірде барлық деңгейдегі мәслихаттарда 320 депутат болса, оның ішінде 35 жасқа дейінгі 44 депутат бар. Бұл – жастардың еліміздегі саяси өмірге белсене араласып келе жатқандығының айғағы,-деді Б.Дәулетұлы.

Жиын барысында съезд делегаты, Мақтаарал аудандық мәслихат депутаты Сүндет Кенжебаев форумнан алған әсерімен бөлісті әрі бірқатар көлемді ұсыныстар айтты.

Қазіргі таңда мемлекет ісіне жастардың араласуы көңіл қуантады. Осы орайда Түркістан облысы әкімінің кеңесшілері құрамында жастардың мәселесін жеткізетін жас азаматтың болса екен деген тілегіміз бар. Сондай-ақ облыстық Жастар саясаты басқармасын құру туралы ұсынысымызды назарға алсаңыздар,-деді ол.

Сонымен қатар, мақтааралдық депутат аудандағы түйткілді мәселелерді де тыс қалдырмады. Кездесуге қатысқан өзге де жастар шалғай ауылдардағы жастарды тұрғын үймен қамту, спорт саласы оның ішінде жас жаттықтырушыларға қолдау көрсету, интелектуалды ойындарды жиірек өткізу жайлы ұсыныс-тілектерін жеткізді. Облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ж.Жұман жаңа оқу жылы кезінде студенттердің жыл сайын қайталанатын проблемасы жатақханадағы орын жетіспеушілігі екендігіне тоқталып, кәсіпкерлер тарапынан жас білімгерлерге арналған ақылы жатақхана салу туралы бастама көтерді.

Облыстық фракция жетекшісі Б.Тәжібаев делегаттардың ой-пікірін тыңдай келе, ұсыныстар топтастырылып, партия филиалы тарапынан тиісті орындарға жолданатындығын жеткізді. Бірқатарын жеке назарына алып, шешілуіне ықпал етпек. Сондай-ақ ауыл немесе ауданаралық іс-шараларға партия тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. Бұл орайда жастар тиімді жобалар мен ұсыныстарын жолдауы қажет. Атқарушы хатшы “Серпін” мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерін насихаттай отырып, жастарға бағыт көрсету үшін атсалысу керектігін айтты.

Делегаттардың айтуынша, бұл жолғы съездің бұрынғыларынан өзгешелігі еркін форматта өтуінде. Спикерлер атап айтқанда, Партия төрағасы Е.Қошанов және Атқарушы хатшысы А.Оралов кездесу барысында қойылған сұрақтарға жекелей тоқталып, толыққанды жауап берген. Ашық алаңда айтылған ұсыныстар мен бастамалардың да деңгейі біршама артқан.

Зерендіде өткен жастар жиынында ел президенті Қ.К.Тоқаев арнайы үндеу жолдап, жастар айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты айқындап берген болатын. Олар: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет. Сондай-ақ мемлекеттік мүдде бәрінен биік тұруы керек екенін айта келіп, Президент әрбір жасты ана тілін, ата дәстүрін, төл тарихын білуге үндеді.

 

Leave a reply