Елу жыл Түркістанның дамуына қызмет еткен азамат

0
143

Ағаш бесіктен жер бесікке дейінгі тұтас ғұмыр адам өмірінің келбеті. Осы жолдар жүлгесінде не істедің, не тындырдың немесе азаматтық бейнең қандай деген сауалдар туатыны заңды. 4

Енді осы кезеңдер мен асуларда  жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болдың ба оның  бағасын халық береді.  Анық дүние ұлы Абай айтатын еңбегің мен ақылына сен қағидасы ғана құтқарушың болмақ. Сондай жолмен тұла болып қалыптасқандар ішінде Түркістандық Рахым Тәңгірбергенов жайында сыр ақтармау мүмкін емес.

Кез-келген жанның немесе әлде бір тұлғаның өмірінде жеткен жетістіктерін, бағындырған асуларын, кешіп өткен кешулерін еңбегінен, төккен терінен ажыратып бағалау қиынның қиыны. Содан да Рахм Көлбайұлы хақында тоқсан толғанып сөз ширату ләзім.

Әрбір азаматтың жер бетінде сайрап жатқан өз жолы бар. Соған қарай тұлғасы қалыптасып, бейнесі бекемделе түспек. Адамды биікке самғатып өсіретін де, төменге құлдилатып өшіретін де оның істеген ісі, еткен еңбегі болса керекті. Адал еңбекпен табан ет маңдай терін сарп етіп табысқа жеткен жанның әркез мерейі үстем, еңсесі биік болмақ. Ондай жан ешкімнің ақысын жеп, ала жібін аттамайды. Өзінен кейінгі адал ұрпағының да бойына сондай қасиетті сіңіре біледі. Осы бір асыл қасиет атаулының барлығы Рақым Тәңірбергенов бойынан шығып тұраты.

Өмір есігін шаруа отбасында ашқан осы бір жанның алғашқы еңбек жолын қарапайым еңбек адамы ретінде бастағанын біреу білсе, енді біреуінің білмейтіні  айдан анық. Қарапайым болғанда кәдімгі   Шәуілдірдің көлік жүргізу мекемесінде жүргізуші болып бастаған екен. Міне содан бергі өмір ағысы көлкке қатысты саламамен жымдасып кеткен. Нақтылап айтқанда 1968 жылы әскер қатарына барып қайтып оралады да жаңа еңбек жолын бастайды. Бір сөзбен айтқанда жәдігер шаһардағы АТЭП және жолаушылар тасымалы автокөлік мекемелерінде жүргізушілікпен айналысады. Арада   Шымкент автомеханика техникумын бітіріп келген соң тағы сол сүйікті кәсібінің үдесінен шығуға еңбек етеді. Әрбір төгілген тердің нәтижесі болатыны бар. Осы тұрғыдан Рахым әр жылдары гараж бастығы, автовокзал бастығы қызметтерін абыроймен атқарады.

Бір көңіл аударатыны осы шаһардан  қарапайым жүргізушіліктен басталған еңбек жолын 1972 жылы бастапты. Сол кезден бастап баспалдақ-басспалдақты бағындырып, төменнен жоғарыға қарай өсіп отырған. Табаны күректей елу жыл бойы бүгінде «Жолаушы» деп аталатын танымал мекеменің отымен кіріп, күлімен шығыпты. Бастапқы он жыл қатардағы жұмысшы, соңғы қырық жыл бойы басшылық атқарған болып отыр ғой. Осының өзі табандылықты, жанкешті еңбекті, икемділік пен асқан батылдықты көрсетіп тұрғандай. Содан да Рахым жайында  сөз бола қалса замандастарынан оза шыққан белді кәсіпкер, ел жанашыры екені, өзгелерден оқ бойы дараланған мәрт болғаны көп айтылса керек-ті.

Біздің анық білетініміз жолаушы тасымалдау саласы сөз бола қалса тұтас өңірде, тіпті республика аумағында «Жолаушы» мекемесіне тең келер мекеме жоқ болса керек. Ең әуелгі себеп тарихының ұзақтығы. Былайша айтқанда оңтүстік өңірдегі қалалар мен аудан орталығындағы жолашуы тасымалдайтын не бір үлкен мекемелер замана боранына беттей аламай, тіпті көшке ілесе алмай тарқады. Басым көп бөлігі өмір сүруін тоқтатты. Сол қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп, ыңғайын тауып, амалын жасай алған жалғыз мекеме осы.   Екіншіден мекеменің халыққа жақындығы. Атап айтқанда жиырма жылдан артық уақыт бойы тұрақты бір ғана бағамен тұрғындарға қызмет етуі. Соың ішінде санаттарына қарай тегін жүру мүмкіндігі болғаны өтірік емес. Оқушылардың толықтай тегін жүруіне  қолайлы жағдай жасады. Баға күні бүгінге дейін қолжетімді. Үшіншіден қырур түркістандықтарды жылдар бойы жұмыспен қамтып, олардың отбасын ел қатарлы асырауына мүмкіндік берді. Келесі бір жағынан шаһардағы жұмыссыздық мәселесімен белсенді күрескен мекемелердің бірегей үлгісін көрсете алды. Төртіншіден  шаһардың түрленуі мен гүлденуіне сай қоғамдық көлікті тұрғындар сұранысымен байланыстыра сұрыптап отырды. Былайша айтқанда атаулы мекемеге қарайтын қоғамдық көліктер жүз пайызға жуық жаңартылған. Алдағы уақытта да жалғасты жаңартыла бермек. Соңғы жаңа көліктердің алды келсе, соңғысы қытай шекарасында жақын арада өтеді деп күтілуде. Осы секілді сан түрлі себептердің өзі Рахм Көлбайұлының еселі еңбектерінің ең жемісті де жеңісті парасы болып саналады десек қателеспейміз.

Түркістан қасиетті мекен. Осы өңірде өз келбетін жасаушы кез келген тұлға бақ пен бақыттың, атақ пен құрметтің қошаметіне ие болулда еңбегі арқылы жеңіске жетері даусыз. Халықтың саны жағынан, ілгері ұмтылысы және бәсекелестік жағынан да бәйгеге түсушілер легі жетерлік. Осылардың ішнен  оқ бой озып, дараланып шыққан  біздің үлгі тұтарымыз Рахым Тәңірбергенов жайлы сөз толғансақ, оның жүріп өткен өмір жолы мен еңбек жолына тоқталсақ, талай белестен өткен, өмірдің тәттісін де, кермегін де татқан, қолында жоққа болысып, жығылғанға сүйеу бола білген, сүрінгегге дем берген, ақты жақтап, тұрғындар жоғын жоқтаған тұлғалы азамат. Бүгінде күллі жұрт танитын, құрмет тұтатын ел ағасы.

Тұрғындар жоғын жоқтау Рахым өміріндегі елеулі белестердің бірі. Олай болатыны  қатарынан көп мәрте облысқа депутат болып сайланып, әрбір шақырылымда жүйелі жұмыстар атқарып, әсіресе жәдігер шаһардың өркендеуі, дамуы, халық тұрмысының оңға басуы секілді оқиғалардың ілгері басуына, тұтастай өзгеруіне ықпал ете алғандығы. Алдаспандай жарқылдап, ақиқаттың оғындай атыла білген іскерлігі көпке мәлім. Соданда төр рет облысқа депутат болған соң, бесіншісін соңынан ергенінілеріне беруге ниеттенгенде халық қайта ұсынып, қайтадан тоқсан пайыздан асырып дауыс беруінің өзі тарихи шежіре. Сенім артудың осыдан асқан бейнесі мен көрінісі болмасы анық.

Енді бір мақтан етерлік сала білім көкжиегінде Рахым көке өз әлемін Түркістанда өзгеше қырынан таныта алды. Киелі қаланың білім саласында да айтарлықтай өзгеріс пен замана көшіне ілеcу дейтін ұмтылысты көрсете білді. Ондағы басты себеп Шохан Уәлихановтың «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» дейтін тағылымы бойға тұмар болса керек. Анықтап айтқанда білім саласында өз сүрлеуін, бөгенайы бөлек соқпағын салып келе жатқан Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжін айтуға болады.  Бұл іргелі білім ошағы уығын қадап, шаңырақ көтергелі он алты жылдың жүзі болды. Былайша айтқанда қаладағы ең белді де беделді кәсіпорын «Жолаушы» ЖШС мекемесі жанынан 2006 жылы ашылған.  Жылдар жылыстап өткен сайын қадірі мен қасиеті артып, мерейі үстем бола бастаған колледж жастардың авто-механикалық кәсіпті терең меңгеруіне және шынайы білім алуына мүмкіндік жасауда. Түркістан өңірінде ғана емес, тұтас еліміз үшін білікті де білгір әрі сапалы маман даярлауда жемісті жұмыстар атқарып, озық тәжірибелері бар екенін дәлелдеп келеді. Айқын мысалы өткен жылдары өткен «Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығынан» институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өту биіктігін бағындыра отырып, білім көшінде ауыз толтырарлықтай өрелі білім беретін техникалық әрі кәсіптік білім ордасы екенін тағы бір қырынан көрсете білді.  Қазіргі таңда «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Теміржол көлігіне тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтары бойынша алты жүзден астам студент білім алуда. Ал елдің келешегі болған жастарға білім нәрін беріп, өз қатарының үздігі болуға барын салып 50 мұғалім тер төгуде. Оқу орыны толықтай «Lenovo» маркалы моно блок компьютерлермен қаруланған. Соңңғы жетістігі болып саналатын  «WORLDSKILLS TURKISTAN – 2022» облыстық чемпионаты тіпті де аттарын әйгілей түсті. Дәстүрлі түрде өтетін білімділер сайысына өңірдегі 60-тан астам колледжден 300-ге жуық студент қатысқан болатын. Сол сайыста атаулы колледжінің алты бірдей студенті жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Бұл осы бір білім ошағының жемқорлықтан таза, шынайы білім беруді басты орынға қоятынының анық көрінісі болып отыр. Бұлда Рахым Көлбайұлының қсаң қағидасы мен әділдігінің нақты жемісі болғаны жасырын емес.

Сегіз қырлы бір сырлы тұлғаның өткеніне үңіліп көп сыр аңғаруға болатындай. Адалдық пен еңбек, жақсылық пен адамгершілік жолда ғұмырын өткізгенін, көптің батасы дарыған қасиетті тұлға болып жаралғанына куә боламыз. Бұндай бақ тәлей екінің бірінің басына бұйыра бермейді. Содан да ҚР  тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдықтарына, ел мәслихатының 10 жылдығына арналған мерекелік төсбелгілері брі кезеңдегі еселі еңбектің нәтижесі болып отырғаны анық. Сонымен қатар Рахым Тәңірбергенов Қазақстан Республикасының «Құрметті автокөлікшісі», Түркістан қаласының «Құрметті азаматы». Халықаралық психология ғылымдары академиясының  Құрметті академигі т.б секілді толып жатқан марапаттарға ие болып отыр. Журналист Гүлжаз Қарыбек тұлға бейнесіне арналған «Алдаспан» атты ғұмырнамалық кітап жазды. Міне осындай ат пен атақты иелену және көтеріп үшін үлкен жүрек, парасат пайым керек. Осының барлығы Рахымның бойынан табыла беретін асыл қасиеттер.

Анығы ол кісі қай жолды таңдаса, қай жолмен жүрсе де өз ұстанымы айқын, тұғыры биік болды. Тұтас өмірін, соның ішінде табаны күректей елу жылын Түркістан жұртының алаңсыз жол жүруіне, алаңсыз қоғамдық көліктермен қатынауына, алаңсыз арзан жол ақысын төлеуіне қызмет етті. Тіпті өз қалтасынан ақша шығарып жүргізушілердің жалақысын, қоғамдық көліктердің жаңаруын, халық сұранысына икемделуін шешіп отырды. Күні бүгін осы бір асыл қасиет айна қатесіз қайталануда. Елу жыл бұрын жүргізуші болып жұмыс бастаған асыл азамат бүгінде осы бір мекеменің қорғаны. Қырық жыл бойы басшымын деп шіренгені жоқ. Тағы сол қарапайым қалпында адал қызмет етті. Адал қызмет ете бермекші де.

Рахым Тәңірбергенов ғұмырнамалық кітапта шешіле сөйлеген бір сөзінде «Өмірде бәрі өтеді де кетеді, артында қалатыны – ғұмырлық ісің, өшпес ізің,  ұлағатты – үлгің» депті. Осыдан артық қорытынды болмаса керек. Рахым Көлбайұлының істеген ісі, өшпес ізі Түркістан жұртының жүрегінде өлместей һәм өшпестей жазылып қалған. Он жыл қосшы, қырық жыл басшы болған тұлғаның дүние боқ пен жалған атақ жинамай, нақты істеген ісі арқылы өлмес өнеге қалдырғаны таңғаларлық әрі тамсанарлық. Азамат болып қалу бір бөлек, қатепті қара нардай жүк көтеру бір басқа екен-ау деп иланбасқа, нанбасқа, тіпті сенбеске шараң жоқ. Халық даналығы айтатын құқлақ пен естіген өтірік, көзбен көрген шын қағидасы осындай елеулі істерге баға берудің алғы шарты секілді. Көкейдегі соңғы түйін он жыл қосшы, қырық жыл басшы болған Түркістанның Атымтай жомартына Түркістан тұрғыны ретінде баға беруден артық бақыт болмаса керек деген ойға жетелей береді. Жетелеген үстіне жетелей береді…

Leave a reply