ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША 26 КӨШЕГЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛ САЛЫНАДЫ

0
99

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторларда тұрғындармен өткізген кездесулері барысында аяқжол мәселесі көп қозғалған болатын.

Кей жолдарға асфальт төсеу инфрақұрылым жүйелері толық жүргізіліп болған соң жүзеге асатынын түсіндірген шаһар басшысы бүгінде әлеуметтік маңызы бар нысандарға (мектеп, балабақша) аяқжол салу мәселесін шешуге кірісті.

Биыл Түркістан қаласы аумағында 46,4 шқ. құрайтын 40 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл көшелердің басым бөлігі — ауыз су, сарқынды су, газ жүйелерінің құрылысы аяқталған, сондай-ақ, қоғамдық көліктер жүретін көшелер.

Сонымен қатар, қосымша 105,5 шқ құрайтын 124 көшені жөндеу үшін тиісті құжаттар рәсімделуде.

Нұрбол Әбдісаттарұлы мөлтек аудандадағы абаттандыру жұмысын да бақылап, 3 ауланы аралады. Мұнда асфальт төселетін аумақ 8 га., көгалдандырылатын аумақ 2,5 га., жерді құрайды.

35 воркаут – ойын алаңшаларын, 5 спорт алаңшаларын, 40 дана қоқыс орындарын жасақтап, 350 жарықтандыру бағаналарын, 200 орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату келісілді.

Сонымен қатар, 1-2 мөлтек аудандарда 54 тұрғын үйлерді (2705 абонент) үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 9 подстанция трансформаторларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Leave a reply