СӘУЛЕТІ ДЕ, САЛТАНАТЫ ДА САЙ

0
93

Қазіргі кезде қала тұрғындарының бірқатары бас жоспардың жариялы жүргізілмеуіне байланысты «қызыл сызықта емеспіз бе, тұрғын үйімізді мемлекеттік мұқтаждыққа мәжбүрлеп алып қоймай ма?» деген үреймен үй маңын абаттандыру, күрделі жөндеу, қосымша ғимараттар салу жұмыстарын бастай алмай отырғанын жеткізген. Бұл мәселеге де әкімдік тарапынан тиісті жауап берілді.

Қазіргі таңда қала аумағында тұрғындарды қатты толғандырып жүрген мәселе – қала құрылыстық құжаттама бекітілгеннен кейін қызыл сызық мәселесі. Негізі, Түркістан қаласының бас жоспарының аумағы 22370 гектарды құрайды. Бұл жаңа шекаралық белгі. Бұл бас жоспар бекітілген кезде, нақты жоспар әзірленбеген. Соған байланысты, бас жоспар негізінде қала аумағының 10189,6 гектар жер теліміне жаңадан нақты жоспарлау жобасы Бекзат, Шавғар, Сауран, Бірлік, Яссы, Отырар тұрғын алқаптарында әзірленді. Бұл өз кезегінде қала аумағына қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеуі жөніндегі тәртіпті белгілейді. Барлығын түбегейлі шешеді. Бас жоспар бойынша еленбеген қызыл сызықтардың бәрі егжей-тегжейлі жобасында түзетілді. Нақтыланды. Кейбір азаматтардың үйі қызыл сызыққа түсіп, бүгінгі таңға дейін, қала құрылысы құжаттандыру барысында қорытынды ала-алмай қалған мәселелері болса, мұның барлығы бүгінгі таңда шешімін тапты. Қаладағы кез келген құрылыс нысаны қалалық құжаттамаға сәйкес, сәулет құрылыс бөлімінің рұқсатымен салынуы тиіс. Ол коммерциялық нысан бола ма, ойын-сауық ғимараттары бола ма, жай тұрғын үй болсын қала құрылыс құжаттамасына сәйкес болуы керек. Сондықтан да қазіргі таңда қызыл сызыққа, функционалды аумаққа кіріп кеткен тұрғын алқаптары бойынша да, шешімін тапты. Негізі қалақұрылыс құжаттамасы бойынша болашақта салынатын жолдар бар. Оны бас жоспардан алып тастау мүмкін емес. Сондықтан да біз алдағы уақытта қаланың басты артериясы болатын үлкен көшелердің қызыл сызығын қалдырдық. Дегенмен, тұрғын алқаптардағы қызыл сызықтардың барлығы заңдастырылды. Бұл мәселені 100 пайыз шешпесе де, басым бөлігі оң қорытындысын алатын болады. Өйткені, бұрынғы бас жоспар тұжырымдамасына сәйкес, жалпы үйлердің бір қабатын алып кететін болса, қиындық туады. Сондықтан егжей-тегжейлі жобада бұл шамалы кеңейтіліп, қызыл сызықтан алыстау етіп орналастырылған. Қалақұрылыс құжаттамасына сәйкес саябақ, қорғау аймақтары дейтін түсінік бар. Әрбір инженерлік құрылымдардың қорғау аймағы болады. Мәселен, электр желілері, сорғы станциялары, электр станциялары болсын олардың адамның денсаулығына зиян келтірмейтін қорғау аймағы бар. Осылардың барлығы қалақұрылыс құжаттарында көрсетіледі. Оның сыртында қала ішінде бұрын қолданыста болған қазір ескірген мазарлар бар. Әрбір мазардың сыртынан 300 метрге дейін санитарлық қорғау аймағы бар. Көп қалаларда мұны білмегендіктен құрылыс салып тастағандары жиі кездеседі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрғындардың тарапынан өтініштер түсуіне байланысты нақты нәтижесін көрсететін болады дейді сала мамандары. Өйткені, қала әкімі тарапынан құжаттардың бәріне рұқсат беру барысында осы бекітілген құжаттарды басшылыққа алынуы қатаң бақылануда.

Қаланың аумағы 22 мың гектар болғандықтан ондағы әрбір ғимаратқа тізім жасақтау мүмкін емес. Үйі маңына құрылыс жүргізгісі келетін тұрғындар немесе қалақұрылысы құжаттамасына қатысты мәселелер бойынша сәулет және қала құрылысы бөліміне келіп шешуіне болады. Себебі, әрбір адамның мәселесі жеке дара қаралады. Кейбір жаңадан көтерілетін нысандарды жоспарлап отырғандар қалақұрылысы құжаттамасын қатаң сақтауы тиіс. Ол заңда айқындалған. Ал, бас жоспар бекітілгенге дейінгі салынған құрылыс нысандары бойынша мәселе қазіргі таңда көтерілмейді. Себебі, қалақұрылас құжаттамасына дейін олар заңдастырылған. Жолды кеңейтуді жоспарланса тиесілі құжаттары бар азаматтармен ақылдаса отырып, мемлекет мұқтаждығына қажетті жерлерді ресімдеудің мүмкіндігі қарастырылуда. Мұндай жағдайда ешкімнің шығынға ұшырамауы қарастырылған. Қала әкімдігі тарапынан өмір өзгеріп отырғандықтан соған сәйкестенеді. Мәселен, Түркістан туризм қаласы болғандықтан туризм, жеңіл өнеркәсіп дамыған болса, қазіргі заманауи технологияға ұласуы тиіс. Экономикалық үдерістерге сәйкес болашақта қала мүлдем басқа бағытта дамуы да мүмкін. Соған орай бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарға үнемі өзгерістер мен толықтырулар қосылып отырады. Бұл өмірдің талабы. Әрбір қала тұрғыны осы бас жоспарға, құрылыс құжаттамасына байланысты кез-келген уақытта ақпарат ала алады.

Құжаттандыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол бермес үшін,

Әкімдіктің бүкіл бөлімдерінің құжаттары «Халықтық кеңсе» арқылы қабылданады. Құжат қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімі жанынан ашық интернет ресурстарында портал әзірленіп жатыр. Ол жерден кез-келген қала тұрғыны мен қалаға келген қонақтар өздеріне қажетті ақпараттарды алу үшін қалақұрылысы құжаттары, инженерлік нүктелерге қосылу үшін де мәліметтер ала алады. Бас жоспардың барлық нұсқасы қала әкімдігінің интернет ресурсында тұрақты жарияланып отырады. Кез-келген адамға қолжетімді. Қазіргі таңда облыстық басқармада да осындай интернет ресурс бар. Онда бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспар, ғарыштан түсірілген фото түсірілімдер жаңартылып отырады.

Leave a reply