Wednesday, November 27

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN – 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

0
124

Наурыз мейрамына орай облыс орталығы Түркістан қаласында «GASTRO FEST TURKISTAN – 2023» фестивалі өтті.

Гастрофестиваль – Түркістан қаласының көрнекті белгісіне айналатын, өңірдегі қоғамдық тамақтандыру саласын дамытуға және гастрономиялық брендін қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған аймақтағы ауқымды аспаздық бірегей шара. Жәрмеңкені Түркістан облыстық Туризм басқармасының «Open Turkistan» туристтік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.

Қаланың 30-ға жуық мейрамханасы мен дәмханасы гастрофест қонақтарына ұлттық тағамдар, жергілікті деликатестер және стрит-фуд дәмділері, тәттілер мен сусындарын ұсынды. «Ұлы Дала елі» орталығының аймағында өткен іс-шараға алыс жақын елдерден және өзге де аймақтардан 10 мыңнан астам қонақ қатысты.

Фестивальде арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, онда күні бойы ойындар, жылдам тамақтану бойынша конкурстар, жергілікті аспаздардың шеберлік сыныптары, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары өтті.

Ұйымдастырушылар Наурыз мерекесі мен Қасиетті Рамазан айы қарсаңында қатысушылар наурыз көжеден жиналған қаражатты қайырымыдылық қорына аударды. Қайырымдылық жыл сайынғы «GASTRO FEST TURKISTAN» фестивалінің дәстүріне айналмақ.

«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы іс-шара барысында Түркістанның жаңартылған гастрокартасын таныстырды. Картада туристерге баруға ұсынылған қала мекемелері туралы толық ақпарат бар.

Гастрокарта туристерге арналған нұсқаулық қана емес, сонымен қатар мейрамханалар мен кафелердің қызметін тұтыну барысында жеңілдік купондарының жинағы болып саналады. Барлық купондар жыл соңына дейін жарамды.

🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a reply