Saturday, November 23

Белгілі мобилограф екінші рет отбасын құрды (видео)

0
155

Белгілі мобилограф, Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек екінші рет үйленді. Бұл туралы Infonews сайты Қыран Талапбектің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұзақ уақыт бойы сүйіктісін көпшіліктен жасырып келген Қыран Талапбек қалыңдығын көрсетті. Оның таңдауы Гүлзада есімді жас актрисаға түскен. Қыран әлеуметтік желідегі парақшасында қалыңдығымен бірге түскен суреттерін жариялады.

“Бақытымды таптым. Негізі ол ылғи жанымда болатын. Жәй ғана сіздер байқамағансыздар ғой”, – деп жазды Қыран Талапбек.

Жас жұбайлар қазақтың салтымен қалыңдыққа сырға салып, беташар жасап, құдалық өткізді.

Қыран мен Гүлзаданың қуанышында әзілкеш Нұрболат Қанай, Жандос Самалбеков, Қабдол Тлеков және әнші Артур Дәулетияров бой көрсетті. Оқырманның басым көпшілігі Гүлзада Тұрлаштың Қыранның бірінші әйелі Айжұлдыз Адайбековаға ұқсатты.

“Бұрынғы әйеліне қатты ұқсайды екен”, “Айжұлдыздан аумайды ғой”, “Айжұлдызга қайтып қосыла салмадың ба? Айналып келіп соған ұқсаған қыз алыпсың”, “Бұрынғы келіншегі ма деп ойлап қалдым”, “Талғамың өзгермепті”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Leave a reply