Экология министрі тағы да сынға ұшырады

0
108

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар экология министрі Зүлфия Сүлейменованың Павлодар облысындағы суы тартылған қызғылт көлге қатысты реакциясына наразылықтарын білдіріп жатыр. Бұл туралы Infonews сайты хабарлайды. 

“Барлық ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін сейсенбі күні арнайы мамандар жөнелтіледі деп күтілуде”, – деп жазды Сүлейменова.

Ал блогер, журналистер мен сарапшылар министрдің бұл жауабына ашулы.

Олар Сүлейменоваға әлеуметтік желіде: “Бұл тым кеш”, – деп жауап берді.

Қолданушылар Сүлейменованың қателіктерінен сабақ алмайтынын атап өтіп. Жауапты министрлердің төтенше жағдай орнына дер кезінде шықпағанына мысал ретінде, Абай облысында болған өртті келтірді.

Айта кетейік, өткен аптада ғана Зүлфия Сүлейменова президент тарапынан сынға ұшыраған болатын.

Leave a reply