Қазығұртта әкелер күніне орай мәдени кеш өтті

0
133

Қазығұртта әкелер күніне орай Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапханада әкелердің отбасын қолдаудағы баға жетпес үлесі мен маңызды рөлін құрметтеу мақсатында әкелерге арналған «Әке – асқар тау, биік шың» атты тақырыптық мәдени кеш болып өтті. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әкелерге арналған кеште әке туралы ой қозғалып, әке мен бала арасында қызықты ойындар ұйымдастырылды.

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Әкелер күні-біздің әкелеріміздің отбасындағы беделін көтеруге, құттықтауға және олардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыруға себеп болады. Балаларды тәрбиелеу мен оларға қамқорлық жасауға әкелерді тарту баланың жалпы дамуына оң әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге серіктестер арасындағы үй шаруашылығының міндеттерін тең бөлуге ықпал ету арқылы отбасыларды нығайтады деп көпшілік мойындады.

Leave a reply