Қазығұртта Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған шара өтті

0
280

Аудандық мәдениет сарайында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй құдіреті» атты аудандық жас күйшілер байқауы болып өтті. Байқау төл аспабымыз – домбыраға деген қызығушылықты арттырып, жастар арасында оң көзқарас қалыптастыру, күй мәдениеті арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, күйлерді халыққа кеңінен насихаттау, күй мұрасын жас ұрпаққа жеткізу және өнер әлемінде жас дарынды домбырашылардың шығармашылық қабілеттерін толығырақ ашу мақсатында ұйымдастырылған.

Мәдени сайыста Ққазылар алқасының шешімімен І- орынды қазығұрттық Сағынбек Әйгерім, ІІ- орынды Жаңабазар ауылынан Мырзалы Асылзат иеленсе, ІІІ- орындарды Қаржан ауылынан Аманбай Дәулет және Шарбұлақ ауылынан Өміртай Айкүміс иемденді. Сондай-ақ, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Үшбұлақ ауылдық кітапханасында “Ұлылардың ұлағатты сөздері” жобасы аясында күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай “Шертпе күйдің шебері” тақырыбында мәдени кеші өткізілді. Шар күй атасы атанған, ұлы күйші-композитор, өнерінен өнеге дарыған Құрманғазы Сағырбайұлының ғұмырнамасының ақиқатын, күйлерінің шығу тарихын, шығармашылық-қайраткерлік болмысын сипаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Одан бөлек, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қаржан ауылдық кітапханасында “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында биыл қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға таңдалып отыр, осыған орай Қаржан жалпы орта білім беретін мектебінің оқырмандарының қатысуымен “Көркем сөздің тарланы” атты тақырыптық кеші өткізілді. Кеш жас оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармаларын таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында өтті. Сондай-ақ, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Тесіктөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен биылғы 2023 жылы “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары таңдалуына орай “Дана тұлға, дара тұлға” атты ой-талқы кеші өтті.  Шара оқырмандарды жазушының әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, оқырмандардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру, қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата-ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету үшін ұйымдастырылған. Кеш барысында оқырмандар қазақ әдебиетінің алтын қорынан ойып алар кесек туындылары “Оң қол”, “Өлара”, “Әке”, “Оралу”, “Парасат майданының сардары” атты туындыларының мазмұнын ашып, өз ойларын ортаға салды.

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Шарбұлақ ауылдық кітапханасында “Балбөбек” жазғы сауықтыру лагері балаларының қатысуымен “Кітап әлемге жол ашады” атты әдеби ойын өткізілді. Мақсаты: балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оларды көркем әдебиетке, шығармашылыққа, кітап оқуға баули отырып адамгершілікке, ауызбіршілікке, татулыққа шақыру. Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Сарапхана ауылдық кітапханасыда “Балдәурен” жазғы демалыс лагерінің демалушылармен “Кітап- біздің досымыз” атты тақырыпта ашық аспан астында таныстырылым өткізілді. Жас бүлдіршіндерге қызықты кітаптарды, әңгімелермен ертеглерді дәріптеу арқылы, олардың кітапқа қызығушылықтарын ояту. Одан бөлек,  Сынтас ауылдық кітапханасында “Балдәурен” жазғы сауықтыру орталығымен бірге отырып кітапханада жас өспірімдермен “Сурет бойынша ертегіні тап” атты тақырыбында квес ойыны өткізілді. Мақсаты:ертегілер,әңгімелер оқу арқылы баланың армандауына жету,ой-өрісінің дамуына,балалардың санасына қайырымдылық,мейірімділік сезімдерін ұялату,кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Білімділікке,ізгілікке,шындыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Бұдан бөлек, Жылыбұлақ жалпы орта мектебінің жанынан ашылған “Балдырған” жазғы сауықтыру лагерімен “Жазғы демалыста бірге оқиық” атты тақырыбында дауыстап оқу өткізілді. Мақсаты: ертегілер, әңгімелерді оқу арқылы баланың армандауына жету, ой-өрісінің дамуына, балалардың санасына қайырымдылық, мейірімділік сезімдерін ұялату, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ,  Сарапхана ауылдық кітапханасыда “Балдәурен” жазғы демалыс лагерінің демалушылармен “Ертегілер әлеміне саяхат” ертеңгілік өткізілді. Жас бүлдіршіндерге қызықты кітаптарды дәріптеу арқылы, олардың кітапқа қызығушылықтарын ояту. Кітап қорындағы әдемі әдеби, ертегі кітаптармен таныстыру.

Сонымен бірге, Жаңабазар ауылдық кітапханасында , Жайдары жаз кітапен бірге” аясында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру,көтеріңкі көңіл күй сыйлау, кітапха деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ,,Мерзімді басылымдар оқырманымен ғана ғұмырлы” атты мерзімді басылымдармен таныстыру әр түрлі жастағы балалармен өткізілді. Жас бүлдіршіндерді кітапханаға тартып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, тіл байлықтарын дамыту.Балаларымыз ,,Ақылдым”, ,,Мөлдір бұлақ”, ,,Ертегілер”, ,,Балдырған”, ішіндегі тақпақтармен, өлең, әңгіме, ертегілермен, жұмбақ, санамақтармен, жаңылпаштармен танысып бір-бірлеріне жұмбақтар жасырды. Одан бөлек, аудандық балалар кітапханасының оқу залында жазғы оқу бағдарламасына орай Қ.Тұрсынқұлов мектебінің “Болашақ”, “Балдырған” тобының жас оқырмандырымен “Ертегілер әлеміне саяхат” атты тақырыпта дауыстап оқуы өтті. Мақсаты :Балаларға ертегінің мазмұнын қойылым арқылы түсіндіру. Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Баланы ертегі кейіпкерлерін өздері айтуға,қимыл-қозғалыс, дауыс ырғағын келтіре білуге үйрету.

Leave a reply