ҚАЗЫҒҰРТТА “ӘЖЕ – ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ” АТТЫ ШАРА ӨТТІ

0
245

Қазығұрт ауданы «Ардагерлер кеңесі» жанынан құрылғын «Әжелер алқасы» ұйымы 2013 жылы құрылып, жұмыс жасап жатқанына биыл 10 жыл толып отыр. Осыған орай аудан орталығында Түркістан облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ж.Мауленқұлов, Түркістан облыстық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының төрайымы Ф.Тілеубердиева, облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Қуандықов, аудан әкімі А.Исмаилов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер Кеңесі мен аудандық «Әжелер алқасының» мүшелерінің қатысуымен «Әже – ұлттың ұйытқысы» атты форум өтті. Қазақ қоғамында «Әже» атауы қасиетті де қадірлі ұғым. Себебі, әрбір бала үшін ата-әженің орыны ерекшеленіп тұрады. Әже – немерелері үшін қамқоршы, тәлім-тәрбиенің бастауы һәм даналық көзіндей. Тарихқа көз жүгіртіп қарар болсақ, Ұлы Абайдан бастап көптеген тұлғаларымыз бен ақын-жазушыларымыз алдымен әже тәрбиесін алып, әжелердің ертегісін тыңдап өскен. Әже тәрбиесі арқылы бойына ұлттық салт-дәстүрдің, өнер-білімнің, әдет-ғұрыптың барлығын сіңіріп, нағыз қазақи мінезбен тәрбиеленген.
Бүгінгі күні де, әжелер – ұлттың ұйытқысы, тәлім мен тәрбиенің бастауы болып, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың қайта жандануына үлес қосып жүр.

Форум барысында ауданымыздың өсіп-өркендеуіне және жастарға тәлім тәрбие беруге елеулі үлес қосып, салт-дәстүрімізді ел арасында кеңінен насихаттап жүрген бірқатар әжелерімізге Түркістан облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ж.Мауленқұлов, аудан әкімі А.Исмаилов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Қуандықов, аудандық мәслихат депутаты Б.Жамашевтар құрмет көрсетіп, төсбелгілер және арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара соңында әжелер және аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.

 

Leave a reply