ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

0
130
Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев: «Барлық деңгейдегі әкiмдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсiн. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, проблемалық мәселелерді шешудiң жолдары мен мерзімдерін түсіндірсiн,»-деп әкiмдерге тапсырма берген болатын.Осы орайда Президент Жарлығына сәйкес Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесті. Сайрам ауданында 64 млрд. теңгеге 19 жобаны іске асырып, 614 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 12-сі өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар. Биыл 6 айда 6,8 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылып, 155 жұмыс орны ашылды. Күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок зауыты, алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт, жылыжай құрылысы жүзеге асты. Тағы құны 4 млрд. теңгеге 9 жобаны іске қосу жоспарда, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланған. Атап айтқанда, сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын ашып, 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр. «Nurym Grоup» компаниясы құрама жем өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 2,5 млрд. теңгені құрайды.
Бұл туралы Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. Кездесу барысында облыс басшысы өңірдің даму жоспарлары, Президент тапсырмаларының орындалуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы нақты қадамдар туралы баяндама жасады. Аудан тұрғындарымен еркін диалог алаңын құрып, жұртшылықтың мұң-мұқтажын, өтініш-шағымдарын білген әкім, халық өтінішін екшеп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Межелі мерзімді де белгіледі.
Сайрам ауданының шаруалары мал шаруашылығы өнімдерімен тек облысты емес, еліміздің басқа өңірлерін, шекаралас мемлекеттерді қамтып отыр. Ауыл шаруашылығында жыл басынан 41,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өнім көлемі былтыр 124 млрд. теңгеге жетті. Бұл облыстағы аудандардың арасында ең үлкен көрсеткіш. Биыл 6 айда егін шаруашылығында 1,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. 53 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 69 гектарда жылыжайлар орналасқан, 625 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендірілген, 529 гектарға қарқынды бау егілген. Жыл басынан бері мал шаруашылығында 40 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 4,7 пайызды құрады. Ауданда 1 мыңнан астам мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақылануда.Тәулігіне 3 мыңға жуық мал сойылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен Қарабұлақ ауылында орналасқан мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары тексерілді. Құрылған жұмысшы топ малдың қаны мен сүйегін ретсіз тастаудың жолын кесті. Нәтижесінде 11 мал сою орнының санитарлық талаптарды сақтамаған 3-уі жабылды, қалған 8 бекеттің басшыларына мал сою алаңдарын ретке келтіруге 1 ай уақыт берілді.
– Шілде айында Қарабұлақ ауылында жергілікті кәсіпкерлермен кездестім. Мал сою орындарының жұмысын ретке келтіруді, мал қалдықтарын өңдейтін зауыт салуды ұсынған болатынмын. Сайрам ауданының кәсіпкерлерін кейін Түркістанда қабылдап, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдадым. Мысалы, 25 гектар жерге мал бордақылау кешені, мал сою алаңы, етті терең өңдейтін цех құрылысы мен қанды өңдеу кәсіпорынның құрылысы басталады. «Nurym Group» компаниясы жобаны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Жобаның құны 3,6 млрд. теңге. 70 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сондай жобалардың бірі, жеке кәсіпкер, Убаев Жахангир жылына 2 мың тонна қалдықтарды өңдеуге мүмкіндігі бар жобаны іске асыруды қолға алып отыр (құны 1 млрд. теңге). Яғни, ауыл шаруашылығы жануарларын сою кезінде қалған қосалқы өнімдерін қайта өңдеуден өткізеді (сүйек, қан, ішек қарын). Осындай жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, жаңа бизнесті ашуға көмектесетін боламыз. Жалпы, жергілікті әкімдерге қоятын басты талаптардың бірі – жаңа кәсіпорындарды ашып, жұмыс орындарын құру,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға инвестиция тартып, 2025 жылға дейін өнім көлемін 1,5 есеге арттыру жоспарлануда. Осыған дейін өткен облыс әкімінің есептік кездесуінде көтерілген мәселелердің бірқатары шешімін тапты. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру үшін қосымша уақыт талап етеді. Тұрғындардың ұсыныс-тілектерінің ішінде ауылдардағы ішкі көшелерге асфальт төселді. Жол белгілері орнатылды. Қарасу ауылындағы Жаңақұрылыс аумағына инфрақұрылым жүргізуге биыл бюджеттен 965 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Жібек жолы ауылындағы су жүйесін күрделі жөндеуге биыл 100 млн.теңге қаржы бөлінді. Электр тапшылығын шешу үшін Ақсукент ауылынан Қосалқы станциясының құрылысын қаржыландыру мәселесін шешу үшін министрліктермен тиісті жұмыстар атқарылуда. Қарабұлақ ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысына (9,3 млрд.теңге) жобалық құжаттама дайындалды. «Қарасу-Қызылту-Сайрам» жолын жөндеуге (1,2 млрд.теңге) жобалау сметалық құжаттама дайындалып, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Сиқым ауылындағы мектепті күрделі жөндеуге жобалық құжаттама дайындалуда.
Сайрам ауданында ішкі өнім көлемі былтыр 242 млрд. теңгеге жетсе, биыл 6 айда 89 млрд. теңгені құрады. Былтыр 15 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, соңғы 5 жылда 5 млрд. теңгеге өскен. Биыл 6 айда құрылыс көлемі 6,5 млрд.теңгені құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 5 жылда 21 мыңнан асты. 29 мың адам жұмыспен қамтылып, 85 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 2023 жылғы өзіндік кірістер жоспары 10 млрд. теңгені құрады. Былтыр негізгі капиталға 39,5 млрд. теңге инвестиция бағытталса, 6 айда ауданға 22,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өнеркәсіп саласында жыл басынан 21,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, оның ішінде 17 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.
Ауданда ағын су мәселесі өзекті. Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін 105 млн. теңге қаралып, 7 каналды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау сметалық құжаттама әзірленуде (Аламан, Төменгі Аққала, Бауарық, Әсіл, Теспе, Сай, Жоғарғы Аққала). Сондай-ақ Ақбай-Қарасу каналының күрделі жөндеуіне биыл 131 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары басталған. Президент тапсырмасымен облыста бастау алған «Ауыл аманаты» жобасынымен мал шаруашылығында 89 жоба бойынша құжаттары мақұлданған. Биыл 2 мектептің құрылысы жүруде. Қарамұрт ауылындағы мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Жекеменшік мектеп салудан облыста Сайрам ауданы көш бастап тұрған. Былтыр 13 жекеменшік мектеп іске қосылса, биыл 7 жекеменшік мектептің іске қосылуы жоспарлануда. Бұл мектептер жаңа оқу жылында оқушылар қабылдайтын болады. «Жайлы мектеп» пилоттык ұлттық жобасы шеңберінде аудан аумағындағы мектептердің мәселесін шешу үшін жаңадан 3 мектептің құрылысы жоспарлануда.
Кездесуде Сайрам ауданының тұрғындары облыс әкіміне ұсыныс – пікірлері мен өтініштерін жеткізді. Қоқыс полигонын салу, ардагерлер орталығын ашу, қоғамдық көлік қатынасын реттеу, жол сапасы, газбен қамту мәселелерін көтерді. Облыс әкімі әр аудан, қала, ауыл әкімдерін халыққа жақын болуды, жағдайды толыққанды білуі, әр мәселені жедел шешуді ескертті.
– Проблеманы ашық айту керек. Шешуді де тұрғындармен бірлесе, ақылдаса отырып шешуге болады. Ортақ шешім қабылдаған жөн. Әрбір әкім халықтың жағдайын түсініп, мәселесін заң аясында шешіп беру керек. Халыққа жақын болуы керек. Халықпен тікелей қарым-қатынаста болуы, жағдайды толыққанды білуі, мәселені жедел шешуі – басты міндет. Елдің тұрмысын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс. Біз үшін әр аудан стратегиялық тұрғыдан маңызды. Халықтың сұранысына жедел үн қатып, елдің мұң-мұқтажына шұғыл шешуге ұмтылыс жасау маңызды. Халықпен бірге, елмен етене араласып, жұмыс жасаңыздар, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ облыс әкімі қабылдауға жазылғандардың сұрақтарына жауап беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін жеткізді. Қабылдауға келгендердің дені әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді көтерді.
Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады. Сайрам ауданында 2023 жылдың қыркүйек айында жеміс-көкөністі өңдеу зауыт іске қосылады. Өндіріс орнында Туркиядан заманауи құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылуда. Зауыт томат пастасы, кетчуп, жеміс шырынын шығарады. Жоба іске қосылғанда 50 жұмыс орны ашылады. Ауданға жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сайрамдық кәсіпкерлермен кездесті. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және көкөніс сақтайтын қойма «Бірлік-4» ЖШС жұмыстарымен танысты. Зауыт басшысы қайта өңдеу зауытын кеңейту мақсатында төмен пайызбен ұзақ мерзімге несие, 5 млрд теңге қаражат алуды жоспарлауда. Жоба жүзеге асса қосымша 500-600 жұмыс орны ашылады.
Зауытта ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын сыйымдылығы 16 мың тонна 5 қойма бар. Аталған зауыт кәсіпкердің жеке және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырған.
Бұдан кейін облыс әкімі Дархан Сатыбалды «АРТ Boilers» өкілдерімен кездесті. Аталған компания өкілдері кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Түркістан облысы бойынша жоғары технологияларын қолдана отырып, жылыту қазандықтарын өндіретін жалғыз өндіріс орны жылына 400 бірлік қазандық өндіруге қуатты. Жылыту қазандықтары Түркістан облысында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысында сұранысқа ие.
ART Вoilers сауда маркасымен газды, сұйық және қатты отынға арналған жылыту қазандықтарын заманауи неміс технологияларын қолдана отырып, шығаруды жолға қойған.
Сонымен қатар, облыс әкімінің кезекеті халықпен кездесуіТүлкібас ауданында жалғасты. Аудандағы жаңа өндіріс орындары іске қосылып, 3 мың 635 жаңа жұмыс орны ашылады. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 60 млрд. теңгеден асыру жоспарланған. Алдағы үш жылда жалпы құны 10 млрд. теңгеден асатын 9 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орны ашылып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2025 жылы 77 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.
– Тарихы терең, табиғаты тамаша, ел арасында «Кіші Швейцария» атанып кеткен Түлкібас ауданында өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Ауданда 447 млрд. теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда. Атап айтқанда, «Састөбе» инновациялық кешені жылына 100 тонна каустикалық сода, 1 млн. тонна цемент өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр. Ауыз су және алкогольсіз сусындардың өндірісі іске қосылады. Жылына 2 мың тонна күркетауық етін өндіру және өңдеу жоспарлауда. Нәтижесінде 3 мың 635 жаңа жұмыс орындары құрылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 128 млрд. теңгеге, салық түсімдерін 13,5 млрд. теңгеге арттыру көзделуде. Былтыр ауданда 408 жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 806 жұмыс орны ашылды,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 89 млрд. теңгені құраса, биыл 6 айда 36,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бюджеттің өзіндік кіріс көлемі артты. Өнеркәсіп өнімі былтыр 16 млрд. теңгеге жетсе, Биыл 6 айда 7,7 млрд. теңгені құрады. Жыл соңына дейін негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 20,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Түлкібас ауданының брендіне айналған 3 мың гектар алма баулары бар. Оның ішінде 664 гектар – қарқынды бау. Қарқынды бауды дамыту нәтижесінде былтыр 32 мың тонна өнім жиналса, биыл оның көлемі 33 мың тоннадан асады. Жыл соңына дейін шағын және орта бизнестің өнім көлемін 51 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Алдағы үш жылда жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 188 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды.
Былтыр ауданда 2 жаңа мектеп салынды. 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше білім ұяларында жөнделіп жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Рысқұлов, Састөбе кентінде 2 мектеп салынбақ. 4 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылысы жүргізілуде.
Түлкібас ауданы инфрақұрылымы толық дамыған аудандар қатарында. Жаңа тұрғын үйлердің құрылысына инфрақұрылым тарту жұмыстары биыл қолға алынды. Аудан тұрғындарының 99,8%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тозығы жеткен ауыз су құбырларына қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімінің осыған дейінгі түлкібастықтармен кездесуі кезінде көтерілген мәселелердің бірқатары шешімін тапты. Атап айтқанда, Машат ауылында облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу үшін 595 млн. теңге қарастырылып, құрылыс толығымен аяқталды. Су құбырлары ауыстырылып, тасжолдар төселді. Ауыз су жүргізу жұмыстары жүргізіліп, ішкі көшелер жөнделуде. Түлкібас кентіндегі мектепті жөндеуден өткізуге қаржы қаралды. Спорт кешені мен интернаттың сәулет-жоспарлау құжаттары дайындалуда.
Кездесуде облыс әкіміне Түлкібас ауданының тұрғындары түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өз өтініштерін жеткізді. Түлкібастықтар өңір басшысынан мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау алудың жолдарын сұрады. Мектеп, балабақша, спорт алаңын салып беру, ішкі жолдарды жөндеу, жайылым және жарықтандыру мәселелерін көтерді. Жеңілдетілген жанар-жағармай мен тыңайтқыш тапшылығы туралы айтты. Сонымен бірге тұрғындар қоқыс полигонынан зардап шегіп жатқанын жеткізді.
Облыс әкімі халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, аса қажетті деген салалардың ең бірінші кезекте қаржыландырылатынын атап өтті. Аудан әкіміне жекеменшік мектеп, спорт нысандарын салуда жергілікті кәсіпкерлерді тартуды тапсырды. Барлық жұмыстар кешенді жоспар аясында жүзеге асатынын айтып, айтылған әр ұсыныс-талап бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді.
Сондай-ақ облыс әкімі жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін жеткізді. Дархан Сатыбалдының халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.
Түлкібас ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 188 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды. Табыс табудың тағы бір жолы ретінде жүзеге асып жатқан жаңа жоба Түлкібас ауданындағы Мичурин, Балықты, Рысқұлов, Шақпақ ауылдық округтерінде енгізілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға іссапары барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп ашып, шаруасын ұлғайтқан кәсіпкерлермен кездесті. Мемлекеттік қолдау аясында жеке кәсіпкер атанған Қалдарбекованың Түлкібас ауданына қарасты Мичурин ауылдық округіндегі шаруа қожалығында болды. 1,5 га жерге құлпынай егіп, тамшылатып суару әдісі арқылы мол өнім жинап отырған кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы арқылы мемлекеттен 7 млн.тг көлемінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, қосымша тағы 2 гектарға жуық алқапқа құлпынай өнімін отырғызуды қолға алған. Италиялық сұрып ерте көктемнен бастап, қара күзге дейін жылына 30 тонна жеміс береді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің облыс үшін өте маңызды. Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар.
– Өздеріңіз білесіздер, облыс тұрғындардың басым бөлігі ауылды елді мекендерде тұрады, нақты айтқанда 80 пайызы немесе 1,6 млн. адам. 1 млн.-ға жуық ауыл тұрғындарының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударады. Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің облыс үшін өте маңызды. Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар, – деді жаңа жобаның көмегімен кәсіп ашқан азаматтармен жүздескен облыс әкімі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Майтөбе ауылындағы «Мөлдір» ЖШС кәсіпкерлік орталығының жұмысымен танысты. 616 га бау-бақшада 200 га жерге жүзім, 110 га жерге алма егілген. 50 гектар жерге шиенің (черешня) «Американка» атты түркиялық сортын еккен.
Түлкібас ауданында бау – бақша көлемі 3062 га құрап отыр. Оның ішінде 644 га жерді алатын қарқынды бау тамшылатып суару жүйесін қолданады.

Leave a reply