Қазақстанда екі Жоғары оқу орнының атауы өзгерді

0
137

Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы “Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы” бұйрығы бойынша елімізде  екі жоғары оқу орнының атауы өзгертілді, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

“Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті” КЕАҚ бұйрығымен “Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті” КЕАҚ болып өзгертілді. Университетке Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілді.

Сонымен қатар “А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті” КЕАҚ атауының транскрипциясы “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті” КЕАҚ болып өзгертілді.

Бұйрық 2023 жылдың 25 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Leave a reply