Saturday, November 23

Қара жамылған әулет суға батып кеткен 9 туысының жаназасын шығарды

0
125

Түркістан облысы Отырар ауданында Сырдария өзеніне суға батып, қаза болған 9 адамның жаназасы шығарылды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.

Марқұмдардың денесі бүгін Көксарай ауылында жер қойнына тапсырылды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында қайғы жамылған әулетке барып, көңіл айтты. Қайғыларына ортақтасып, құранға қатысты.

Өңір басшысы бұл отбасыға тиісті көмек берілетінін айтты.

Суға кеткен бір әулеттің адамдары құдалықтан шығып, өзен бойына тоқтаған. Марқұм болғандар бір атаның 4 баласынан тараған. Бір күн бұрын әулеттің ең үлкен ұлының үйінде баласының құдалығы өткен екен.

Еске салайық, Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткені туралы хабарлаған едік.

Leave a reply