Қазақстандықтар 20 миллион теңгеге жуық жол белгілерін ұрлап кеткен

0
131

Жол белгілері мен қорғаныс құрылыстарын ұрлау фактілері жыл сайын тіркеледі. 2023 жылдың басынан бері республикалық маңызы бар жолдардан жалпы құны 20 миллион теңгеге жуық жол инфрақұрылымының элементтері ұрланған. Бұл туралы Infonews.kz сайты хабарлайды. 

2021 жылы бұл шығын 60 миллион теңгеден астам қаржыны құрады. Көбінесе жол белгілері, шағылдырғыштар мен строб шамдар ұрланады. Белгісіз біреулер жарықтандыруға арналған екі үлкен трансформаторды ұрлап кеткен жағдайлар болды.

Көбінесе жол инфрақұрылымының ұрланған элементтері тұрмыстық мақсатта қолданылады: төртбұрышты жол белгілерінен күректер, дөңгелектен қазандар мен оған арналған қақпақтар, велосипедтерге жарықдиодты шағылыстырғыштар, мал сыртқа шығып кетпес үшін үйге арнайы қоршаулар жасалған.

Leave a reply