
Түркістан облысында әскери қызметшілердің рухани-мәдени әлеуетін арттыруға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және жастардың зияткерлік дамуына қолдау көрсету мақсатында әскери бөлімдердің бірінде жылжымалы кітапхана жобасы іске қосылды. Бұл бастама әскери қызметшілердің бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың білім көкжиегін кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық жоба ретінде жүзеге асырылуда.
Жылжымалы кітапхана – әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаздар мен офицерлердің көркем әдебиетке, тарихи еңбектерге, ғылыми-танымдық басылымдарға және әскери тақырыптағы кітаптарға қолжетімділігін арттыруды көздейді. Жоба аясында кітап қоры тұрақты түрде жаңартылып, оқырмандардың сұранысына сәйкес қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындылары, Қазақстан тарихына арналған басылымдар, әскери мемуарлар, құқықтық әдебиеттер және тұлғалық даму бағытындағы кітаптар ұсынылады.
Бұл бастама Түркістан облысының мәдениет саласы мекемелері, кітапханалар жүйесі, әскери бөлім және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда. Ортақ мақсат – әскери қызметшілердің интеллектуалдық әлеуетін арттыру, оқу мәдениетін дамыту және олардың рухани дүниесін байыту.
Жылжымалы кітапхананың ерекшелігі – кітап қорының әскери бөлім аумағында тұрақты түрде жаңартылып отыруында. Кітапханашылар белгіленген кестеге сәйкес әскери бөлімге келіп, жаңа әдебиеттерді жеткізіп, бұрын алынған кітаптарды қабылдайды. Бұл жүйе әскери қызметшілердің қызметтен қол үзбей-ақ әдебиеттермен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Кітапхана қоры әртүрлі бағыттағы әдебиеттермен толықтырылған. Олардың қатарында қазақ классиктерінің шығармалары, әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары, Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекет және құқық, әскери өнер, көшбасшылық, психология, мотивациялық әдебиеттер, ғылыми-көпшілік кітаптар және жастарға арналған заманауи басылымдар бар. Сонымен қатар мемлекеттік тілдегі кітаптардың үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінген.
Жоба аясында әскери бөлімде «Бір бөлім – бір кітап», «Аптаның үздік оқырманы», «Кітаппен бірге кемелден» сияқты мәдени-ағартушылық акциялар ұйымдастырылып келеді. Бұл іс-шаралар сарбаздардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқылған кітаптар бойынша талқылаулар, әдеби кештер және авторлар шығармашылығына арналған кездесулер де өткізілуде.
Әскери қызметшілер үшін кітап оқу – тек бос уақытты тиімді өткізу құралы ғана емес, сонымен бірге кәсіби және тұлғалық дамудың маңызды тетігі. Көркем әдебиет адамның дүниетанымын кеңейтсе, тарихи және әскери тақырыптағы еңбектер Отан тарихын тереңірек тануға, әскери дәстүрлерді құрметтеуге және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жылжымалы кітапхана әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұнын байытуға да өз үлесін қосуда. Кітап сөрелерінде Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және басқа да ерлік көрсеткен тұлғалар туралы тарихи-танымдық еңбектер кеңінен ұсынылған. Бұл шығармалар жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, әскери қызметтің маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді. Жоба аясында облыстық және аудандық кітапханалардың мамандары әскери бөлімде кітап көрмелерін, библиографиялық шолуларды, әдеби викториналарды және танымдық кездесулерді ұйымдастырады. Сонымен қатар белгілі ақын-жазушылармен, тарихшылармен, өлкетанушылармен және қоғам қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер өткізу де жоспарланған. Мұндай іс-шаралар сарбаздардың рухани дамуына оң әсер етіп, кітапқа деген қызығушылығын арттырады.
Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері де тиімді пайдаланылуда. Әскери қызметшілерге электронды кітаптармен, аудиокітаптармен және ұлттық электронды кітапхана қорындағы әдебиеттермен танысу мүмкіндіктері ұсынылуда. Бұл оқырмандардың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтіп, кітап оқу мәдениетін заманауи форматта дамытуға жағдай жасайды.
Жылжымалы кітапхананың ашылуы әскери бөлімдердегі әлеуметтік-мәдени ортаны дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады. Мұндай жобалар сарбаздардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне, рухани дүниесінің байып, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Бүгінде Түркістан облысында әскери қызметшілердің білім алуы мен рухани дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен кеңейіп келеді. Жылжымалы кітапхана жобасы әскери ортада кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың, патриоттық тәрбиені нығайтудың және әскери қызметшілердің жан-жақты дамуына қолдау көрсетудің тиімді үлгісі ретінде бағалануда. Алдағы уақытта осындай мәдени-ағартушылық бастамаларды басқа да әскери бөлімдерде енгізу арқылы әскери қызметтің әлеуметтік және рухани ортасын одан әрі дамыту көзделуде қосуда.












