
Ел болашағы, сапалы білім және өңірлердің өркендеуі – қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс маңызды бағыттар. Осы тақырыптар мектепте өткен кездесуде кеңінен қозғалды.
Басқосуға «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Асылбеков Сағынбек, облыстық мәслихат депутаттығына №4 бірмандаттық сайлау округінен үміткер Сүлейменов Баймахан Тоймаханұлы және Боханов Сұлтанбай қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген стратегиялық міндеттерге тоқталды. Әсіресе ел экономикасын дамыту, әлеуметтік саланы жетілдіру, білім мен ғылымға басымдық беру, адами капиталдың сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Жолдауда белгіленген міндеттердің өңірлердегі нақты нәтижемен ұштасуы қажеттігі айтылып, ауылдық жерлердің даму қарқыны мен білім беру ұйымдарының қоғамдағы рөліне назар аударылды.
Мектеп ұжымы да өз пікірлерін білдіріп, саладағы түйткілдер мен алдағы уақытта шешімін табуы тиіс мәселелерді ортаға салды. Кездесу барысында әрбір ұсыныстың маңыздылығы ескеріліп, өзара пікір алмасу жүргізілді.
Жиынның басты ерекшелігі – жалпыұлттық міндеттерді жергілікті деңгейдегі нақты сұрақтармен байланыстыра талқылау болды.













