САЙРАМДА ҰСТАЗДАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

0
28

Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қазақстандық қоғамда ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Осы саладағы сот төрелігі жүйесінің жетілмегендігі, сондай-ақ қоғамда үстем болып келе жатқан халық арасында қалыптасқан дәстүрлі көзқарастар мен құндылықтар ішкі келіспеушіліктерге байланысты қылмыстардың өсуіне қатты әсер етеді. Соңғы жылдары БАҚ-та кейбір қазақстандық отбасыларда, әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты әртүрлі сипаттағы және дәрежедегі зиян келтіру жағдайлары егжей-тегжейлі жарияланып отырады, бұл қоғамда қызу пікірталас тудырады. Ресми статистика құрбандардың көбінесе құқық қорғау органдарына жүгінуден қорқатынын көрсетті және жылдар бойы оларға қатысты жалғасып жатқан зорлық-зомбылықтың көлеңкесінде қалып отырғанын ескере отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы проблемаларды шешудің маңыздылығын күшейтеді.

Құқық қорғау органдарынан бұрын, отбасы ішінде сау қарым-қатынас құру, балаларды өзара сыйластығы бар ортада өсіру, олардың психологиялық-эмоционалды көңіл-күйін сақтау – барша ата-ананың міндеті.

Осы орайда, Сайрам ауданына қарасты Отбасы қолдау орталығы мекемесінің мамандары №12 Т.Рустемов атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздарына құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің, суицидтің және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізді.

Семинарға полиция аға лейтенанты Мирзаметов Ш., психолог Асходжаева А., әлеуметтік қызметкер Дусанбаева З. және мектеп-гимназия ұстаздары қатысты.

Іс-шара мақсаты —  жастарды жат қылықтан сақтау, құқықбұзушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу. Отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасындағы зорлық-зомбылық кезінде жүгінетін мамандарды таныстыру. Сондай-ақ мамандар тарапынан оқушылардың ата-аналарына: сабақ үлгерімін, бос уақытын, ортасын және әлеуметтік желіні қадағалау міндеті ескертілді. Балаларға дұрыс көңіл бөліп, жан-жақты қолдау қажеттілігі баса айтылды.

Бұдан бөлек, «Отбасы қолдау орталығы» мамандары №62 М.Анартаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушыларына семинар өткізді. Іс-шараға Сайрам АПБ ЖКПҚБ ОТЗЗҚҚ инспекторы, полиция аға лейтенанты Мирзаметов Ш, Отбасын қолдау орталығының психолог маманы Асходжаева А, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Дусанбаева З. және мектеп ұстаздары қатысты.

Жиналыстың негізгі мақсаты — тәлім-тәрбиеге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастардың жат қылықтардан аулақ болуына ықпал ету, құқықбұзушылықтың, мектеп оқушылары арасындағы қылмыс пен ерте жүктіліктің алдын алу.

Шарада ата-аналарға мынадай міндеттер жүктелді:

  • Балалардың сабақ үлгерімін жүйелі түрде қадағалау;
  • Баласының бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
  • Үйден тыс уақытта болатын орындары мен араласатын ортасын бақылау;
  • Ұялы телефон мен әлеуметтік желілерді пайдалануды қадағалау.

Аталған іс-шара барысында ата-аналарға балаларға дұрыс көңіл бөліп, оларды жан-жақты қолдауға шақыру қажеттілігі баса айтылды.

Leave a reply