Оңтүстік Кореяда қазақстандық ерлі-зайыпты қамауға алынды
Қазақстандық ерлі-зайыптылар Оңтүстік Кореяда жүзден астам адамның құжаттарын қолдан жасады деген күдікке ілініп, олар қамауға алынды,деп хабарлайды Bugin.kz порталы Korea_komek қайырымдылық қорының Instagram парақшасына сілтеме жасап
Тексеру барысында тәртіп сақшылары қазақстандық ерлі-зайыптылар – 33 жастағы А. мен 32 жастағы В. ны толық дәлелмен қамауға алды.
“Ерлі-зайыптылар 23 қаңтар мен 23 шілде аралығында елде заңсыз жүрген немесе туристік мақсатта келген Қазақстан мен Ресейдің 117 азаматына жалған өтініш берді деген күдікке ілінген. Полициядағы мәліметтер бойынша олар бұл әрекетін телеграм желісі арқылы жүзеге асырып, виза құжаттары үшін әр адамнан 1.300.000 мың вон алып отырған” – делінген хабарламада.
Тергеу барысында Ж-1 визасын алушыларға олар құжаттар дайындап, “Өз елінде діни себептермен қудаланды” және “Адам саудасының және зорлықтың құрбаны болды” деген жалған сылтаумен шетелдіктерге босқын визасын рәсімдегені анықталды.
Қазақстандық ерлі-зайыптылардың көмегімен босқын визасын алған 117 шетелдіктің 21 табылып, елден шығарылды, қалғандарына іздеу жарияланды.