Балдың емдік қасиеті қандай?

0
337

Ара балын  адамдар тек тағам ретінде тұтынбайды. Оның емдік қасиеті ерте кезден белгілі. Infonews.kz сайты балдың көпшілік біле бермейтін пайдасы туралы  ақпарат ұсынады.

— Денені ыстық суға немесе отқа күйдіріп алған кезде, жараны тұзды сумен жуып, бетіне бал жағуға болады;

— Улы жәндік шағып алса, құтырған ит қапқанда, апиыннан уланғанда, зираны қайнатып, оған бал қосып ішсе, уытты қайтарып, ауырғанды басады;

— Ұйықтар кезде бір стақан суға бір шай қасық балды араластырып ішсе, жүйкеге жақсы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі;

— Тұмауратып суық тигенде балды сүтке немесе лимон шырынына қосып ішсе, тезірек сауығуы әбден мүмкін;

— Балдан бет күтімі үшін арнайы маскалар жасауға болады. Бұл маскалар безеуді кетіріп, әжімнің алдын алады;

— Бал құрамындағы кальций миға жақсы сіңеді. Сол арқылы есте сақтау қабілеті жоғарылап, ұмытшақтық мөлшері азаяды.

Leave a reply