САЙРАМ АУДАНЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

0
99

2023 жылғы 1-қыркүйекке    ауданда  тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік  (әрі қарай –  ШОК)  субъектілер саны 22125 бірлікті немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне  4781 бірлікке артқан немесе 127,6%-ды құрады.

Жұмыс істеп тұрған ШОК саны 21654 бірлікті немесе 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 4787 бірлікке артқан  немесе 128,4%-ды құрады. Тіркелген жалпы көлемдегі  ШОК-тің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі  – 98%.

Оның ішінде:

Заңды тұлғалар саны – 1328 бірлік, 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 146 бірлікке немесе 112,4%-ға артқан.

Жеке тұлғалар 11839 бірлік, 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 4021 бірлікке немесе 151,4%-ға артқан.

Шаруа қожалықтары 8487 бірлік, 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 620 бірлікке немесе 107,9%-ға артқан.

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны: 30785 адамды құрады  2022 жылдың  тиісті кезеңіне  5988  адамға  артты немесе өсім 124,1%-ды құрады. Оның ішінде: заңды тұлғаларда – 7036 адам; орта кәсіпорындарда 1335 адам; жеке кәсіпкерлер – 13676 адам; шаруа қожалықтарында – 8738 адам жұмыс істейді. Аудан халқының 13,1 %-ы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған.

Есепті мерзімде салада  1364  кәсіпкерлік субъектілері іске қосылып, 1829 жұмыс орны ашылған.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің  өндірген өнім көлемі 125,7 млрд.теңгені құрап,  2022 жылдың  сәйкес кезеңіне  (83,4 млрд.тңг)   өсім 150,7%-ды құрады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері есебінен түскен салық көлемі 7,9 млрд.теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 109,2%.

 

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауданның 6820 кәсіпкері 6119,0 млн.теңге көлемінде несие алған. Оның ішінде: Микрокредиттік ұйымдар арқылы 6748 адам –  5,7 млрд теңге көлемінде несие алған. «Агро несиелік Корпорациясы» АҚ арқылы 21 адам – 188,0 млн.тңг; «Ырыс» микронесиелеу ұйымы арқылы 50 адам – 200,0 млн.теңге; «Қарапайым заттар экономикасы» МБ аясында 1 жоба – 31,0 млн.теңге;

«Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған  жобасы аясында Сайрам ауданында атқарылу барысы

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында төрт ауылдық округіне жылдық жоспар 471 жоба қойылған. (Облыс деңгейінде берілген жоспар 266  жоба) «Ырыс» МҚҰ-на өтініш білдіруі тиесілі болатын. Бүгінгі күнге 187 азамат жобасы (1 132 450 мың теңге) дайындалып ұсынылған.

Оның ішінде:140 жоба (793 675 мың теңге) мақұлданып, 92 жоба 505 950 мың теңге) қаржыландырылды. 11 жоба    (63 075 мың теңге) кері қайтарылған.

Ауыл округтері кесінідісінде:

Жібек Жолы ауылдық округі бойынша 60 азамат құжат тапсыру керек болса қазірігі таңда  41 жоба дайындалып мақұлданған. 27 азаматың жобасы қаржыландырылған, 14 азамат жобасы «Ырыс» МҚҰ-да 2 данадан құжаттары жинақталуда.

Ақбұлақ ауылдық округі бойынша  56 азамат құжат тапсыру тиесілі болса қазіргі таңда 45 жоба дайындалып ұсынылған. Оның ішіде 29 жоба мақұлданып,20 азаматтың жобасы қаржыландырылған. 9 жоба «Ырыс» МҚҰ-да  2 данадан құжаттары жинақталуда. 8 азаматтың жобасы кері қайтарылған.

 Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша 125 азамат өтініш білдіруі тиісті болса қазіргі таңда 35 жоба ұсынылған. Оның ішінде 19 жоба мақұлданып, 14 жоба қаржыландырылған. 1 жоба кері қайтарылған. 5 жоба «Ырыс»МҚҰ-да 2 данадан жинақталуда.

Көлкент ауылдық округі бойынша 230 азамат өтініш білдіруі тиісті болса, қазіргі таңда 66 жоба ұсынылып, 51 жоба мақұлданған. 2 жоба кері қайтарылып, 31 жоба қаржыландырылған. 20 жоба «Ырыс»МҚҰ-да. 2 данадан жинақталуда.

Leave a reply