САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ 40,5 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖСОПАРЛАНҒАН

0
114

Түркістан облысы әкімімен бекітілген 2023 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жоспарына сәйкес Сайрам ауданына қойылған  негізгі капиталға бағытталған инвестиция  жоспары –  40,5 млрд.теңге; НКИ – 114,1% (2022 жылы – 39,5 млрд.тңг).

 Айлар кесіндісінде: 2023 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша  инвестиция  жоспары – 25,0 млрд.теңге;  НКИ – 105,5%.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында инвестиция көлемі – 32,6 млрд.теңгені құрады.  Оның ішінде:

Бюджет есебінен 2220,8 млн.тңг (6,8%);

басқа да кредиттер есебінен 1355,4 млн. тңг (4,3%);

Кәсіпкерлер және халықтың тұрғын үй құрылысы есебінен 29,0 млрд.теңге (88,9%) (оның ішінде: кәсіпкерлер есебінен 19,0 млрд.теңге; халықтың тұрғын үй құрылысы есебінен  10,0  млрд.тңг).

 

Пайдалану бағыттары бойынша  негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі өнеркәсіп саласына – 20,6,%,  ауыл шарушылығына – 18,6%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 31,2%,   көтерме және бөлшек сауда – 10,3% және 4,3% -денсаулық сақтау,   4,9% білім беру салаларына келеді.  Адам басына шаққанда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі  138,8  мың теңгені құрады.

Есепті мерзімде кәсіпкерлер есебінен тартылған (бюджеттік емес) инвестиция көлемі 19,0 млрд.теңгені құрады немесе іске  қосылған инвестициялық жобалар  (кәсіпкерлік нысандар ) саны –  85 бірлік. Ашылған жұмыс орны 504 адам.

Оның ішінде:

  • Өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша тартылған инвестиция көлемі – 6154,4 млн.теңге. Жоба саны- 6 бірлік («Bella Trade» ЖШС,  «Ca Pable» мүгедектер қоғамы және «Fort» ЖШС «Мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт» – өндірістердің кеңеюі; «Gx –ЖБИ» ЖШС  «Темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт; ЖК «Agua Classic»  «Алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт; «Eco-Building Group» ЖШС «Автоклавты газдалған бетон шығаратын зауыт»);
  • Агро өнеркәсіптік кешенін дамытуға тартылған инвестиция көлемі –5730,3 млн.тңг. Жоба саны – 22 бірлік; («Gen Group Kazakhstan» ЖШС- Өнеркәсіптік жылыжай құрылысы; мал бордақылау фермалары,  мал сою алаңдары,  қоймалар);
  • Шағын кәсіпкерлікке тартылған инвестиция көлемі 5611,1 млн.тңг, нысандар саны – 52 бірлік (супермаркет, минимаркеттер, медициналық орталықтар, балабақшалар);
  • Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 1504,2 млн.тңг, жоба саны –  5 бірлік (қонақ үйлер, спорт кешендері, бассейндер).

 

Оның ішінде қаңтар-тамыз айларында іске қосылған ауқымды өндірістік  жобалар: Жобалардың құны 7,1 млрд.тңг. Ашылған жұмыс орны 177 адам.

 

  1. «Маслозавод Turkistan» ЖШС (Қарасу а/о) «Өсімдік майын шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 435,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 30 адам.
  2. ЖК «Agua Classic» (Көлкент а/о) «Алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 230,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 15 адам.
  3. «Ca Pable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің (Ақсу а.)  «Қолданыстағы қуатты кеңейту. Өнімнің жаңа түрі италиялық технологиямен жөргектің жаңа түрін шығару» жобасы бойынша құрал-жабдықтар алу». Жобаның құны 4200,0 млн.тңг. Ашылатын жұмыс орны 40 адам. (маусым айында іске қосылды).
  4. «Gen Group Kazakhstan» ЖШС (Қайнарбұлақ а/о) «Өнеркәсіптік жылыжай құрылысы жобасы». Жобаның құны 1056,1 млн.тңг. Ашылған жұмыс орны 30 адам.
  5. «Eco-Building Group» ЖШС (Ақсу а.) Автоклавты газдалған бетон шығаратын зауыт құрылысы жобасы.  Жобаның құны 1026,2 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 40 адам.
  6. «Gx –ЖБИ» ЖШС (Қайнарбұлақ а/о) «Темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 200,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 22 адам.

 

2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында  жалпы құны  4,3  млрд.теңгелік 8 инвестициялық жобаны іске қосу көзделіп отыр:

 

  1. «Наурыз-5» ЖШС (Ақсу а.)   «Жеміс-көкөністі қайта өңдейтін  кәсіпорын».  Жобаның құны 1000,0  млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 5 адам.
  2. «ТҰРАН АГРО ЕТ-СҮТ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі  (Манкент а.)  «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыт құрылысы»  жобасы. Жобаның құны 450,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.
  3. «AGRO 2022» АШӨК (Ақбұлақ а.)   «400 мал басына арналған сүт-тауарлды ферма».  Жобаның құны 650,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 15  адам.
  4. «Интер Умар» ЖШС (Қарабұлақ а.) 2000 ІҚМ басына арналған бордақылау алаңы. Жобаның құны 800,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 10  адам.
  5. «SAMID MASTER» ЖШС (Манкент а.) Ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдейтін зауыт  құрылысы (Сүт зауыты).  Жобаның құны 600,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.
  6. «Sairam Food Produkts» ЖШС (Ақсу а.)   «600 тонналық көкөніс сақтайтын қойма құрылысы». Жобаның құны 90,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.
  7. «Спорт кешенінің құрылысы» ЖК Абдукадиров Н. (Манкент а.) Жобаның құны 300,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 15  адам.
  8. «MMM Group-777» ЖШС (Манкент а.) «Өсімдік майын шығаратын зауыт». Жобаның құны 326,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 35  адам.

Leave a reply