САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

0
144

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз  айларында   аудандағы 69 өнеркәсіптік кәсіпорындармен 29,4 млрд. теңгенің  өнімі өндірілген.  Нақты көлем индексі (НКИ) 102,1% құрады.  Облыстың өнеркәсіп өнім көлемінде Сайрам ауданы екінші орында тұр.  2023 жылға жоспар 50,1 млрд.теңге болса, 8 ай жоспары – 27,7 млрд. Теңгені құраған. Бұл НКИ жоспары – 101,5% болған.

Аудандағы өнеркәсіп құрылымына тоқтала кетсек. Аймақта өнеркәсіп 3,9% кен өндіру немесе карьерлерді  қазу саласынан, 80,7% өңдеу өнеркәсіп, 15,4% электр, газ, су тарату салаларынан құрылған. Тармақтай түсейік.

Кен өндіру немесе карьерлерді  қазу саласы бойынша  2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауданның кен өндіру кәсіпорындары 1134,8 млн.теңгенің өнімін өндірген. Өнім көлемі 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 34%-ға төмендеген. НКИ 2022 жылдың 8 айында 106,6%-ды құраса, есепті мерзімде  68,9% -ды құраған. Осы орайда Сайрам ауданы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар туралы мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.         Сайрам ауданы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушыларға Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан   24 рұқсат қағазы  берілген. Оның ішінде (11-келісім шарт, 13-лицензия). 2021-2023 жылдары аралығында 7 жер қойнауын пайдаланушылардың  пайдалы қазбаларды өндіру аумағы су қорғауы белдеуіне орналасуына байланысты, қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылып, келісімшарттары Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп  (бұрынғы – Инвестиция және экспорт) басқармасы тарапынан кері қайтарылып алынды. Олар («Таза Астық» ЖШС, «Ерсу строй» ЖШС, «МСК ПГС» ЖШС және   «D.CH-NOVACOM» ЖШС, «Теміртас» ЖШС, ЖК «Алиев», ЖК «Ізбасаров»)

 

Бүгінгі күнге Сайрам ауданы көлеміндегі заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылып, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген алгоритімге сәйкес, аудан аумағында  2023 жылдың тамыз айына дейін 37 мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан Сайрам ауданы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушыларға  24 нысанға рұқсат қағазы  (келісім шарт, лицензия)  берілген. Бүгінгі таңда 12 жер қойнауын пайдаланушылардың рұқсат құжаттар толығымен рәсімделген.  Қалған 12 жер қойнауын пайдаланушылардың жер телімінің нысаналы мақсаты ауыстырмай толығымен рәсімделмегені анықталды.

 

Қарамұрт  ауылдық округі  аумағындағы  171 орамында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым санатындағы жер телімінде  жердің нысаналы мақсатын ауыстырмай жер қойнауын заңсыз пайдаланып  жатқан 10 нысан;

Қарасу ауылдық округінде 1 нысан, Қайнарбұлақ ауылдық округінде 1 нысан

анықталды және қазба жұмыстары жүргізілу үстінде анықталып, полиция органдарына хабарланды. Полиция басқармасы тарапынан 2 эксковатор 6 ауыр жүк көлігі заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұраққа   қойылды.

Жұмысшы топ құрамының мүшелерімен 12 акт толтырылып құзырлы органдарға заң талаптарына сәйкес шара қолдану үшін жолданды.

2023 жылдың тамыз айына дейін құм-тас-шағал тасымалдап жатқан көліктері тоқтатып, тексеріліп Қ.Р.ӘҚБтК-нің 590 бап, 630 бап, 601 бап, 591 бап және 593 бабтарына сәйкес 167 әкімшілік хаттамалар толтырылып 2 557 605,0 теңге айыппұл салынды.

2023 жылғы  12 маусымдағы Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының №32-08-37/726 хатына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің  2018 жылғы 24 мамырдағы          №375 бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан берілген келісім шарт лицензия аумақтарында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіп жатқан объектілерге 2023 жылдың 17-18-19 шілде күндері бару арқылы келісім шарт, лицензия шарттарының сақталуына зерделеу (мониторинг) жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде  3-топырақ, 16-тас қазбаларды  өндіру орындарына Маркшейдер мамандарымен зерделеу фото түсірілімі жүргізілді.

Қалған 5-тас қазбаларын өндіру орындарында қазба жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты басқарма және бөлімнің мамандарымен акт толтырылды.

Алдағы уақытта жоғарыдағы 19 нысанның зерттеу қортындысы негізінде заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады.

 

 

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ САЛАСЫ

 

Аудан өнеркәсібінің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде    2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында  23,7  млрд. теңгені құрады. НКИ 100,9%. (2023 жыл жоспары – 40,3 млрд.тңг) болса, 8 ай жоспары – 22,0 млрд. тңг, НКИ жоспары- 101% болған).         Өнім көлемі 2023 жылдың 8 айының жоспарына 1,7 млрд.теңгеге артығымен орындалған. Өңдеу өнеркәсібінің басымды салалары:

 

Тамақ өнеркәсібі – саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 66,7%. Есепті мерзімде 15,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Салада 11  бірлік – сүт өнімдерін өндіретін зауыттар мен цехтар,  өңделген ет өнімдерін өндіретін 5 кәсіпорын, 6 –  диірмен, өсімдік майын өндіретін – 5 кәсіпорын, жеміс-жидек, көкөніс консервілерін шығаратын – 11 кәсіпорын, алкогольсыз сусындар шығаратын – 4 кәсіпорын өнім өндіреді.

Құрылыс индустриясы саласының, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі- 6,8%. Есепті мерзімде 1586,4 млн.тңг. өнімі өндірілген. Салада тауарлы бетон, асфальтты-бетонды қоспа,  әр түрлі бетон бұйымдарын, күйдірілген кірпіш шығаратын –  6 өндіріс  өнім өндіреді. («Жби-С» ЖШС, «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС, «Керемет Сапа» ЖШС, «Elit Stroy» ЖШС, «Тоқатай» ЖШС,  «QAZAQ Air Technology” ЖШС).

Резіңке және пластмасса бұйымдары саласында 2517,3 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 10,5%. Салада – қысымды полиэтилен трубалар;  газ тектес жанар-жағар майға арналған трубаларды «ЮКЗПТ» ЖШС зауыты өндіреді. «Rin K» ЖШС су құбырларына арналған пластикалық трубалар шығарады.

Машина жасау саласы – өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 4,6%.  Салада жылыту қазандықтарын  шығаратын «Art Boilers» ЖШС, электр кабельдерін шығаратын «KaZ TEL» ЖШС, ауыл шаруашылығы машиналарын шығаратын «ЮКМЗ» АҚ  зауыттары өнім өндіреді.

Сонымен қатар, Жиһаз өндіру саласында 615,4 млн.теңгенің өнімі өндірілген. «Bella Trade» ЖШС жиһаз фабрикасы, корпусты жиһаз, матрастар шығарады. Саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 2,6%.

Leave a reply