Сайрам ауданында 33 туристік нысан бар

0
104

Аудан көлемінде  33 туристік нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде:  2-тарихи-сәулет ескерткіштері: «Сиқым баба» кесенесі және «Жаныс баба» мавзолейі;

4 киелі орындар  орналасқан: «Ханқорған» қалашығы, Кәленбаб әулиесі, Жуасбаб әулиесі, Бек ата (Ербекші ата) әулиесі

Ауданда орналастыру орындарының саны 9-бірлік (Олар: қонақ үйлер «Эль Нұр» «Ұлан» спорттық оқыту-жаттықтыру базасының қонақ үйі, «Алматы» қонақ «Арсенал» қонақ үйі,  «Ақбастау» қонақ, «Фаиз» қонақ үйлері,  «Дода»  спорттық жаттықтыру базасының қонақ үйі (Қарасу а.), ЖК Юсупова спорттық жаттықтыру базасының қонақ үйі (Қарасу а.) ,  «Delta oil» қонақ үйі (Ақсу а.)

Орналастыру орындарында бөлмелер саны 91  бірлік болса, оның ішінде “люкс” бөлмелер саны 8 бірлік,  оларда – 14 төсек-орын, стандарт бөлмелер саны  76 бөлме, оларда 190 төсек-орын қойылған.

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 400,0 млн.теңгені құрады. Оларға келген туристер саны 521 адам.

Есепті мерзімде ауданға келген шетелдік туристер саны – 15 адам.

Сонымен қатар ауданда: 5-емдік сауықтыру орталықтары қызмет атқарады. «Манкент» шипажайы, «Элит Сервис Plus», «Сапа», «Sairam Thermal Resort»,  «Таң-Нұры» (Ақсу а.)  емдік сауықтыру  орталығы іске қосылды.

Жазғы маусымда демалатын орындар саны-12 (жазғы бассейндер):  «А-дем»,  «Санаторий «Манкент» АҚ, «Океан», «Жаз»,  «Эль-Нур», «Жан-Сая», «Ақбастау», «Керемет», «Қарасу», «Сағыныш», «Жан-Аква», «Береке»  демалыс аймақтары қызмет атқарады.

Жазғы маусымдық демалыс орны- Жібек-жолы ауылдық округіндегі маусымдық балаларға арналған демалыс орны «Темірші» ЖШС қызмет атқарады.

Есепті мерзімде салаға 785,1 млн.теңге инвестиция тартылған. Атап айтқанда: Есепті мерзімде ауданда  Құтарыс ауылында спорт кешені іске қосылған. Жобаның құны 118,0 млн.тңг. Қарабұлақ ауылында  құны 166,8 млн.теңгелік қонақ үй және құны 486,5 млн..тңг оңалту орталығы, Қарасу а. 13,8 млн.тңг санаторий іске қосылған.

 

Leave a reply