Ел ертеңі бірлікте

0
128

Түркістан қаласында 50 мыңнан астам өзбек ұлтының өкілдері өмір сүруде. Біздің бұл жерде 2-3 мыңжылдық тарихымыз бар. Егемен Қазақстанға қызмет жасаймыз. Қолымыздан келгенше халықтың бірлігі мен татулығы жолында қызмет жасап келеміз.
Қожа Ахмет Ясауи бабамыз бүкіл әлемге мәшһүр болған. Бүкіл түркі жұрты рухани шаһарға келгісі келеді. Түркістан деген қандай өңір бұл? Түркі тілдес мемлекеттердің рухани астанасы. Осындай киелі өлкеде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек.
Жыл сайын өзбек ұлтының салт-дәстүрмен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын жиынымыз бар. 18 қыркүйекте осы ісшарамыз өтті. Қала көлемінде 500-ге жуық тұрғын жиналды. Өзіміздің ұлттық тағамдарымыз бен киімдерімізді, қолөнер бұйымдарын келушілер назарына ұсындық. Өнерпаздарымыз да өз өнерін ортаға салды. Елге қызмет жасап жүрген жандарды марапаттадық. Облыс орталығында өзбек тілінде оқытатын 12 мектеп бар. Біздің алғысымыз шексіз. Мемлекет басшысы мен үкіметімізге, билік басындағыларға рақметімізді айтамыз.
Түркістандықтарды, осы шаһарда өмір сүріп жатқан барша ұлт иелерін бірлікте өмір сүруге, бір-бірімізге мейірманды болуға шақырған болар едім. Құдайға шүкір қазіргі таңда ауызбіршілігіміз бен татулығымыз жаман емес. Бұны нығайта түсуіміз керек. Нағыз Қазақстанды сүйетін адам болса, ел болашағы жолында бірлікте бірге әрекет жасауымыз қажет.

Райымжан Қошқаров

Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, Үлес қайырымдылық қорының төрағасы

Leave a reply