“Қауіпсіз жол”жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
Теміржол көлігі объектілерінде жарақаттанудың және теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерін бұзуын алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 5-29 ақпанынан бастап Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсетілетін учаскесінде “Қауіпсіз жол”жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Желілік полиция бөлімі еске салады:
– Теміржол жолдармен жүруге қатаң тыйым салынады!
– Теміржол бойымен шеткі рельстен бес метр қашықтықта жүруге болады!
– Теміржол жолдары арқылы жаяу жүргіншілер палубасымен жабдықталған жерлерде ғана өтіп, жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына сенімді бола аласыз!
– Жолдан өту кезінде құлаққап пен ұялы телефонды пайдалану ұсынылмайды!
– Тұрған вагондарға көтерілмеңіз, теміржол электрлендірілген, кернеуі 27000 вольт!
Құрметті азаматтар, сіздердің назарларыңызды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ балаларды бақылауды күшейту қажеттілігін ескер !!!!!
Түркістан ст.ЖПб