МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

0
247

Түркістан облысында халық көптен күткен мәдениет үйі салынып жатыр. Түлкібас ауданына қарасты Келтемашат ауылдық округіне жеті елді мекен қарайды. Бірақ осы уақытқа дейін бірде-біреуінде мәдениет үйі болмаған. Бұл елді мекендерде мыңнан аса үй, бес мыңдай халық тұрады. Тұрғындар бірнеше жылдан бері ауылға мәдениет үйінің қажет екенін айтып келеді.

«Бұл көп жылдан бері шешілмей, күрделеніп келе жатқан тірлік еді. Халық өтініш жасап, міне сол жұмыс басталды. Бүгінгі таңда біраз тірліктерін бітірді. Жақсы жұмыс істеп  жатыр. Енді біз ары-бері өткен кезде қадағалап кетеміз. Не тірлік болып жатыр деп. Жақсы жүріп жатыр. Рахмет»,-дейді ауыл тұрғыны Әсіралхан Құрманов.

Нысан төрт бөлмеден тұрады. Сахынасы бар үлкен концерт залы, кітапханасы және басшылық пен шаруашылық қызметкерлерінің де бөлмесі қарастырылған. Мамандар алдағы желтоқсан айына дейін қабырғасын көтеріп, төбесін жабамыз деп отыр. Ал келесі жылдың сәуір айында ғимарат толық аяқталып, ел игілігіне берілмек. Жоба құны 170 млн теңге. Қазір құрылыс алаңында он адам жұмыс істеп жатыр.

Leave a reply