ТАРИХ ТҰНҒАН ЕСКІ САУРАН ҚАЛАШЫҒЫ

0
102


Туған жер, өскен орта кім-кімге болмасын ыстық.
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – деген қанатты сөз – алты алаштың баласының алпыс екі тамырын бүлкілдетер, қанын қыздырар қайнар күш. Ескі Сауран қалашығының топырағына кіндік қаны тамған, ауылда бал балалық жас шағы өткен өңіріне кіндік қаны тамған ауылына байланғандай дәрежеде жақын, елін жерін ерекше сүйген, халқына қылаусыз қызмет еткен арда азаматтарымыз Ескі Сауран ауылының перзенттері бірегей тұлғалар Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ілияс Қожабаевтың ұлы Насен Қожабай, Ескі Сауранда өскен-өнген Момбек атаның әулеті, алтынның сынығы Райымбек Махамбетұлы, «Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі» атанған Түркістанның төл перзенті, арда азаматы әнші-сазгер Сауранбек Елеуовтің қатысуымен Сауран төрінде кездесу кеші өтті.
Сауран ауылдың құрылуы жолында айрықша ілімдегі ірілікті, өмірдегі бүтіндікті, кемелдікті, тіпті кісілік әдеп төңірегінде, өзінен кейінгілерге озық мәдениетімен, терең білімдерімен жылдар, өткен замандастары мен достарының естеліктерімен бөлісті. «Біздің ауыл – өзі бір қызық сурет. Біздің Сауран ше… Сауран Көне қалашық. Көне қалашықтың мүжілген диуани дуалдары еңсесін көтеріп, көкке ентеле созылып Сауран қалашығын сомдап тұр.Сауран қалашығын біздер бала кезімізде тікен кіреді демедік. Қалашық ішінде күдікті үңгілер көп болды. Ескі өндіріс орындары мен кәсіптік ғимараттардың қалдықтарына куә болғанбыз. Қызықтық, қиялдадық.»-деп туған жерге деген ерекше құрметінің, сүйіспеншіліктің белгісі болса керек, өлкенің құнды тарихи естеліктермен бөлісті. Ен жайлаған ел аты ұмытылмайтын өнегесі ескірмейтін жандарды жадынан шығармаған. Ғасырлар өтті. Заман өтті. Тарих үшін құнды өркениеттер табы…
Қаратауым-Тәкаппар!
Ақ бұлттан алқа тағып ап.
Етегінде Майдантал,
Бұлағы бал, маңы бақ
Сыр ашпай жатыр Саураным,
Тарихы терең тамыр ап.
Қасиет қонған қорғандар.
Құламай тұр қаңырап.
Қасиет дарыған топырақтан, кішкентай ауыл, кішкентай мектебінен отызға жуық ауызы дуалы, сөзі уәлі, Абыздар, ақылман ақсақалдар, жазушы журналистер, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутаттар, бизнесмендер, он саусағынан өнері тамған өнерпаздар, жеңімпаздар өсіп өніп шықты. 1 академик, 4 ғылым докторы мен 17 кандидат шыққан және журналист, ұлағатты ұстаз Ілияс Қожабайұлы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі қаламгер Насен Қожабайұлы, Сауран ауылының текті ұлы Райымбек Момбек, ҚР Мәдениет қайраткері, Түркияның Афон қаласы мен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, әнші-сазгер Сауранбек Елеуовтей азаматтардың туған жері.
Бүгінде саурандықтар Ілияс Қожабаевтың сара жолын аңыз етіп айтады және де ел үшін жасаған ұлы ерлік істерін еш уақытта ұмытпайды. Киелі кіндік қаны тамған қасиетті жер құпиясы тамыры тартқан мұндағы кез келген перзенттің түйсінуі осылай. Шарада құрметті қонақтардың иықтарына шапан жабылды. Ең бастысы елдің өткен жолынан өшпейтін өнеге табу бүгінмен ұласып жатқан жақсылықты тану, келешекке құлшынатын намысшылдықты қалыптастыру. Қазіргі кезде қазақ халқының ұлттық танымына арқау болған құндылықтарды игере білу, әрбір тасының тарихын біліп, құрметтеп қарау, насихатын арттыра білу маңызды. Кеш қонақтарының айтқан естеліктері қатысушыларына үлкен әсер қалдырды.
К.ПРИМХАНОВА,
кітапханашы.

Leave a reply