САУРАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МӘДЕНИ ШАРАЛАР ЖИІ ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ

0
69


Сауран аудандық мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Батаменен ел көгерер» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеу, кейінгі ұрпақты үлкенді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу болып табылады.
Байқауға ауданға қарасты ауылдық округтерден 5 батагөй қарияларымыз қатысты. Тарих тақтасына жазылған көсемдер мен шешендердің тапқыр сөздері бүгінгі ұрпақтың сана-сезіміне ұялап, келешегіне бағыт-бағдар беретін, арман-мақсаттарына жетелейтін өсиет. Оны жеткізушілер сол өнердің қаспағын қырып, сарқытын ішкен аталар. Бабалар өсиетін, сөз саптасын, даналық ұғымын ұрпағына үлгі еткен қариялар аудандық байқауда өз шеберліктерін ортаға салып, 4 кезең бойынша сайысқа түсті.
Атап өтсек, бірінші таныстыру «Мен, атамын тәрбиелеген», сұрақ-жауап «Ескірмеген есті сөздер», отбасымен бірге салт-дәстүрден көрініс көрсету «Салтын сыйлаған – ел озар», батаны жатқа айту «Батаменен ел көгерер» атты төрт кезеңнен тұрды.
Байқауға қазылық еткен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков төрелік жасады. Сонымен байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Сауран ауданында 10-нан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Этнос өкілдері бір шаңырақ астында тірлік қылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Тарихи топырақта бой көтерген Сауран ауданының құрылғанына да 3 жылдан аса уақыт өтті. 2021 жылдан бастап, өзбек этно-мәдени бірлестігімен қатар, Ассамблея жанындағы «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі», облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалы құрылып, этносаралық татулықты нығайтуда белсенді жұмыс атқарып келеді.
Бүгінде Сауран ауданында 111282 халық тұрады. Оның ішінде: қазақтар – 49531, өзбектер – 61101, орыстар – 93, татарлар – 46, әзірбайжандар – 182, тәжіктер – 154, кәрістер – 1, ұйғырлар – 163, шешендер – 1, қырғыздар – 4, бақұрттар – 2, чуваштар – 2. Сауран ауданында Сауран аудандық өзбек этномәдени бірлестігі заңды тұлға ретінде тіркеліп, жұмыс атқаруда.Сауран ауданы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков. Бірлестік мүшелерінің саны-12.
Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әміреев Оразбек Жұмабекұлы. Аудандық кеңес мүшелерінің саны-12. Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Жұманова Нышанкүл. Аудандық кеңестің мүшелерінің саны-12. Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесінің жұмыс жоспарлары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында жалпы өткізілген іс-шаралар саны-30. Оның ішінде қоғамдық көпшілік іс-шара-10, жастармен-4, ақпараттық-насихаттық топ кездесу-14. Этномәдени бірлестіктердің және қайырымдылық бойынша өткізілген іс-шаралардың саны – 2 құрап отыр. Солардың негізгілеріне жеке-жеке тоқталып өтсек.

ТАТУЛЫҚ – БАСТЫ ТІРЕГІМІЗ

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен өзбек этномәдени орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, «Қоғамдық келісім» КММ- і Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, өзбек этномәдени орталығының төрағасы Құрбанбай Рысбеков және 12 ауылдық округтердегі орталықтың өкілдері қатысты.

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Сауран ауданының орталығындағы Қ.Рысбеков атындағы мектеп-интернатының мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен жиналыс болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, «Қоғамдық келісім» КММ аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова және мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жасөспірімдер арасындағы жасалатын қылмыстарды талдау барысында, оларды қылмыс жасауға жеткізген басты себеп ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіздігі екені белгілі болып отыр. Қылмысқа бой алдырған жасөспірімдер ата-ананың немесе мектеп мұғалімдерінің назарынан тыс қалудың салдарынан орын алуда.
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, зорлық–зомбылық, ерте жүктілік,әлімжеттіктің алдын-алу мақсатында құқық қорғау қызметкерлерімен, Аналар кеңесімен бірлесіп арнайы бекітілген жоспарға сәйкес «Әшірбек Сығай» жалпы білім беретін мектебінде кездесу болып өтті.
Кездесудің мақсаты-жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық , электронды темекі, зорлық-зомбылықтың, әлімжеттіктің алдын-алу. Кездесуге Сауран аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Н.Жуманова , «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының маманы А.Абиханова, Жастар ресурстық орталығының маманы А.Ермаханова Сауран аудандық ішкі істер бөлімінің аға лейтенанты Жарылқап Мұхамет Сұлтанбекұлы,Шаға ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы Т.Досходжаева қатысты. Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала білді

САУРАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ БӨЛІМДІ АРАЛАДЫ
«Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалы мен Сауран аудандық Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «А.Байтұрсынұлы ЖББМ» жоғары сынып оқушылары Түркістан қаласындағы Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің жұмысымен танысып қайтты. Әскери бөлім батальоны бастығының орынбасары майор Жолаев Спандияр әскери бөлімнің жұмыстарын егжей-тегжейлі таныстырып шықты. Шараның мақсаты: Жастарды патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, патриоттық сезімдерін оятуға, өз отанын қорғап,қолдауға насихаттау. Шараға Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Қалеке, «Қоғамдық келісім» КММ Сауран ауданының филиалының мамандары Н.Оспанов және Е.Тұрсынбай, Түркістан қаласы және Сауран ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының мамандары қатысты.
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ САҚТАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Т.Айтжанов», «А.Байтұрсынов» жалпы білім беретін мектептерінде “Ұлттық құндылықтарды насихаттау және этносаралық татулық сақтау” тақырыбында ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері мен этнос жастары арасында кездесу өтті.
Мақсаты – этнос жастарының татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту. Кездесуге аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Қоғамдық келісім Сауран аудандық филиалының маманы Н.Оспанов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Н.Тәжібай қатысты. Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының маманы Нұрсұлтан Оспанов ашып, жүргізіп отырды.

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қоғамдық келісім Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен “Төле би” және “А.Үсенбаев” ЖББМ “Этносаралық татулықты сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында ақпараттық насихаттық топтың кездесуі болып өтті.Қазір еліміздің алдына қойылып отырған үлкен мақсат – барлық тұрғындар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға бағытталған бірлікке жету болып табылады. Халықтың бірлігі – Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті.
Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Кездесудің мақсаты – этникалық шығу тегімізге қарамай бірігіп, Даңқты мемлекетке айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық – егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Кездесуге Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Қоғамдық келісім КММ-нің Сауран аудандық филиалының маманы Н.Оспанов, Түркістан облысы дін істері басқармасы ның теолог маманы Б.Абдрахман қатысты.
Аида АБИХАНОВА,
«Қоғамдық келісім» Сауран аудандық филиалының маманы.

Leave a reply