Суббота, 5 октября

ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ

0
66

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Биыл Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округінде түйе сүтін өңдейтін ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылмақ. Кешенде 200 басқа дейін түйе бағылып, оның сүтін жинау, өңдеу және саудаға енгізу жоспарланып отыр. Жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында іске асырылмақ.

Айта кетейік, ауданда биылғы жылы төрт ауылдық округте аталған бағдарлама арқылы ауыл шаруашылығындағы жаңа жобаларды қаржыландыру көзделген. Атап айтар болсақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ІІІ кезеңін — Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл және Бөген ауылдық округтерінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Биылғы жылы жобаға 410 адам қатысып, 422 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Нақты аудан көлемінде 2899 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылуда, 2015 жылға тамшылатып суғару әдісін енгізу бағдарламасы бойынша 800 гектарға жеткізу жоспарланса, ағымдағы жылдың бес айында нақты 579 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 72 пайызды құрап отыр. Қой басын асылдандыру бағытында ауданда 3 шаруашылық жұмыс жүргізуде, олар: Бадам ауыл округінен «Сералы» ш/қ қойдан, «Ортай» ш/қ қойдан, Бөржар ауыл округінде «Сабыр» ш/қ жылқы және қазақтың қылшық жүнді қойын асылдандырып жұмыс жасауда.
Аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасымен 1 мың 150 бас аналық және 39 бас асыл тұқымды бұқа сатып алуға тапсырма беріліп, бүгінгі таңға 274 аналық сатып алынып, тапсырма 23,8 пайызға, 10 бас асыл тұқымды бұқа алынып тапсырма 25,6 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша ауданға 1 мың 500 бас асыл тұқымды уақ мал сатып алуға тапсырма берілген, бүгінгі таңға 702 асыл тұқымды қойлар сатып алынып, жоспар 47 пайызды құрады.
«Құлан» бағдарламасы бойынша ауданға 250 бас асыл тұқымды жылқы сатып алуға тапсырма берілген, бүгінгі таңға 297 бас асыл тұқымды жылқы малы сатып алынып, тапсырма 119 пайызды құрады.
Аудан бойынша 50 бас асыл тұқымды бұқаларды сатып алып табынға қосу тапсырма берілген болса, қазіргі таңға 48 бас бұқа алынып тапсырма 96 пайызды құрады.

Leave a reply