«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

0
63


Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан кәсіпкерлік мектебінде «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған акцияға аудандық кірістер басқармасының мамандары, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен мекемелер, тиісті орган қызметкерлері қатысты.
«Халық заңгері» акциясына келген тұрғындар, өз көкейлерінде жүрген ҚР Заңнамалары бойынша, жеке азаматтық құқықтары бойынша, салық және қаржылай мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан кеңес алды.
Республика бойынша өткізіліп жатқан айтулы акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Айта кетейік, «Халық заңгері» акциясын өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алған. Сондай-ақ, акция форматы Қазақстанда ғана емес, әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.
Заң үстемдігін нығайту мақсатында қазір «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу арқылы «Әділетті Қазақстан» құру мәселесі күн тәртібіне шығып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақ¬стан» – бұл әуелі халықтың заңды құқығы мен азаматтық қоғам қа¬ғидат¬та¬рына сай экон¬мика¬лық, әлеу¬меттік, саяси құқық¬¬-тарының қор¬ғалуын қамтамасыз ететін ме쬬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬лекеттік ұстаным. Заң¬¬¬ды білу тек құқық қорғау ор¬гандары мен заң¬герлерге ғана міндет емес. Заң¬¬¬¬ды білу және заң талаптарын орындау, алдымен халықтың құ¬қықтық сауаты мен құқықтық мә¬¬¬¬дениетін қалып¬тастыру арқылы жү¬зеге асады. Яғни, құқықтық м嬬¬¬млекет құру, заң үстемдігін ор¬нату про¬цесінде құқықтық тәрбие мәсе¬ле¬лерінің маңызы жоғары.
Жеке адамның құқықтық мә¬дениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, тұрғындарға заң тұрғысында тегін кеңес беру мақ¬сатында 2016 жылдан бері рес¬пуб¬ликамыздың барлық өңірінде «Халық заңгері» рес¬публикалық акциясы ұйымдастырылып к嬬¬леді. Бұған дейін акцияға 8 000-нан астам үздік сарапшылар мен ме쬬¬лекеттік органдардың өкіл¬дері қатысқан.
– «Халық заңгері» респуб¬л謬калық акциясы еліміздің бар¬лық қалалары мен елді мекенінде өтті. Бас¬ты мақса¬ты – халықтың құқық¬тық сауатын жоғарылату, халыққа құқықтық көмек көр¬сету, тегін заң кеңестерін беру. Мемле¬кеттік бар¬лық құқық қор¬¬ғаушы органдବры¬¬ның белгілі заңгерлері тұрғындар тарапынан туындаған құқықтық сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халыққа заң кеңестерін береді. Сыбайлас жем¬қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ак¬ция¬ға әр жыл сайын белсенді қатысады. Өйткені тұр-ғындарға құқықтық сауаттылық қолдау көр¬сету пре¬вен¬ция жұмы¬сының бір шарты болып табылады. Халық жер дауы, КСК, сапасыз тұрғын үй мәселесі бойынша көп¬теген сұрақ¬тар қойып жатады. Біздің агенттік халық тарапынан түскен сұрақтарға қатысты тиісті бағдар береді және мәселенің шешілуін аяғы¬¬на дейін жеткізуге көмеꬬтесеміз, – деді Сы¬байлас жемқор¬¬лыққа қарсы іс-қи¬мыл агенттігі превенция қызметі бас¬шысының орынбасары Жігер Байділдин.
Заң – өркениетті қоғамның ажырамас маңызды түйіні. Адамзат баласының алға басқан қадамын жебейтін тірегі, жаңа дәуріге аяқ басқалы жер шарын бірқалыпта ұстап тұрған жүрегі. Заңы кемелді, құқықтық мәдениеті дамыған елде нағыз демократия орнайды. Заңның үстемдігін қалыптастыру және қорғауды халықтың құқықтық мәдениетін өсіруден бөліп қарауға келмейді.
Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білу керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады. Сонда ғана мемлекеттің құқықтық мәдениетті артып, халықтың құқықтық санасы толық қалыптасады. Сонда ғана демократиялық және құқықтық мемлекет құруға мүмкіндік туады. Заңдық сауаттылық азаматтық қоғам қалыптастырудың аса маңызды негіздерінің бір деуге болады.
Құқықтық тәрбие дегіміз не? Құқықтық тәрбие қашаннан басталады. Елімізде жетілген конституция бар. Ата заң азаматтардың құқығын қорғауға, нағыз демократиялық қоғам құруға толық мүмкіндік береді. Ендеше осы заңның рөлін күшейтіп, оның қоғамда нақты жүзеге асуын қадағалау үшін де халыққа құқықтық тәрбие керек секілді. Елдегі демократияны барынша жетілдірудің, заңның үстемдігі арттырудың және құқықтық тәртіпті нығайтудың маңыздылығы жоғары.
Елімізде құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелерінің маңыз жоғары екенін айттық. Демек жеке тұлғалардың құқықтық мәдениеті мен құқықтың санасын қалыптастырудың маңызды зор. Қазіргі заман бізден күн сайын өзгеріп отыратын жаңа тенденцияларды талап етеді. Қазір мемлекет дамуына мүмкіндік беретін басты шарт – құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құру. Себебі ол құқықтар мен бостандықтарды сақтаудың кепілі ғана емес, елдің инвестициялық тұрғыда жетілуінің негізгі өлшемі болып табылады. Алайда, бұл процесті халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастырмай жүзеге асыру мүмкін емес. Халықтың құқықтық білімін арттыру – азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды қадамы. Бірақ бұл мәселе біздің мемлекет үшін неге өзекті? Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады және қоғамда да құқықтық сананы қалыптастырады. Азаматтар мемлекеттік органдар, заңды немесе жеке тұлғалар өздеріне заңдарда көрсетілген толық жағдайларда ғана әрекет ете алатынын түсінуге тиіс.
Құқықтық мәдениет – бұл құрылымы көп қырлы және күрделі құбылыс. Құқықтар мен заңдарды біліп, оларды нақты өмір жағдайында қолданбасақ, заң мен құқық өз маңызын толықтай жояды. Ал оны іске асыру үшін халықтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру және арттыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыс қажет. Бұл күрделі және ұзақ процесс екенін нақты түсіну керек. Қазақстанда құқықтық өрістің қалыптасуының терең тарихи тамыры бар. Тәуке ханның “Жеті жарғысы”, “Есім ханның ескі жолы” мен “Қасым ханның қасқа жолы” заң жинақтары соның жарқын мысалы болып табылады. Тіпті сол бір зұлмат заманда да біздің ата-бабаларымыз қазақ қоғамының келеңсіздіктерін реттеген Азаматтық құқық нормаларының рөлі мен маңыздылығын жақсы түсінді.
Құқықтық мәдениеттегі арнайы деңгей құқық, құқықтану, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесі сияқты құбылыстармен қарастырылады. Құқықтық мәдениеттің бірнеше элементтері бар:
• – жеке тұлғаның құқықтық санасы;
• – -қоғамдағы құқықтық қатынастар;
• -заңдылық пен тәртіп;
• -заң шығару,
• – мемлекет пен құқық саласындағы басқа да қызмет түрлері.
Әртүрлі мәселелерді шешу үшін немесе олардың алдын алу үшін алдымен азаматтар өз құқығын жоғары деңгейде білуі, қорғай алуы қажет. Олардың ауқымы өте алуан түрлі, бұл отбасылық қатынастар, жеке меншік құқығын қорғау, өмір мен денсаулық қауіпсіздігі, білім беру және әлеуметтік қауіпсіздік болуы мүмкін. Қазақстандық қоғам азаматтың еркін дамуына толықтай мүмкіндік береді. Адамның қабілеттерін дамыту мен пайдалану жеке азамат үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін пайдалы болары анық. Қарапайым тілмен айтқанда, әр азамат өзінің құқықтарын ғана емес, міндеттерін де білуі керек. Сонымен қатар, әр азамат өз мүдделерін қорғау ғана емес, сонымен қатар басқа адамның құқықтарын, бостандығын құрметтеу өте маңызды. Әрине, елдегі барлық қолданыстағы заңдарды білу мүмкін емес, бірақ оның негізгі ережелерінің жалпы мазмұнынан хабардар болған дұрыс.
Азаматтардың құқықтық мәдениеті – бұл әр адамға белгілі бір құқықтар мен міндеттердің жүктелуі, қоғам және билік арасындағы қатынастардың ерекшелігі. Мемлекет өз қызметін демократиялық институттар мен белгіленген процестер аясында жүзеге асырады. Қазіргі уақытта адам қызметінің барлық негізгі салалары заңды түрде бекітілген. Тиісінше, азаматтардың құқықтық мәдениетін дамыту және жетілдіру біздің еліміз үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады. Өйткені, елдің бас құжатына сәйкес халықтың құқықтық санасын арттырмасақ, Қазақстан Республикасы болып табылатын құқықтық мемлекеттің мәртебесін одан әрі нығайту мүмкін емес.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру азаматтардың қоғамдық-саяси және мәдени өсуіне, олардың әлеуметтік және құқықтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Басқаша айтқанда, әрбір азамат өзін немесе адамдар тобын заңды түрде қорғауға қол жеткізуі керек, бұл ел ішінде де, одан тыс жерлерде де нарықтық қатынастардың дамуына оң әсер етеді. Жоғары құқықтық сана дегеніміз – тек заңдардың талаптарын сақтау ғана емес, сонымен қатар басқалардың құқық бұзушылықтарына бей-жай қарамау. Мысалы, егер адам мемлекеттік немесе жеке мүлікке зиян келтіру фактісінің кездейсоқ куәгері болса, ол бұл туралы құзыретті органдарға дереу хабарлауы керек.
Өз тарапынан мемлекет қазір халықтың құқықтық мәдениетін арттыру мәселесіне үлкен көңіл бөліп отыр. Түрлі құқықтық түсіндіру жұмыстары, дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар мен брифингтер өткізіледі. Бұл ретте ҮЕҰ-мен кең ауқымды өзара іс-қимылдар жүріп жатыр, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылуда. Сонымен қатар, қазір барлық қажетті ақпаратты интернеттен табуға болады. Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырудың негізгі міндеті – қазақстандық қоғамдастықтың заңдарға оң көзқарасын қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білу. Белгіленген нормалар шеңберінде оларды күнделікті өмірде іске асыру. Айта кету керек, қоғамның құқықтық санасын арттырмай ел мен қоғамды жаңғырту процесі жүзеге аспайды .
Жылдар өткен соң, біздің еліміздің азаматтары тек заңды білетін ғана емес, сонымен қатар сертификатталған маманға қарсы тұра алатындай деңгейде сауатты болатынына кәміл сенеміз.
Қазығұрт ауданы тұрғындары үшін маңызды дүние – құқықтық сауаттылық. Еліміз тәуелсіз құқықтық мемлекет болғандықтан басты шарттарының бірі — заңдылықты сақтап, оған бағыну. Тәртіпке бағыну елімізде тұрып жатқан кез келген азаматтың міндеті. Сондықтан, мемлекет мүддесін және жеке азаматтың құқығын қорғау, тәртіпті нығайту, құқықбұзушылықпен күресу, қарапайым халықты заң ережелерін сақтауға үйрету құқық қорғау органдарымен қатар, сот органдарына да жүктелген.
Соңғы уақытта азаматтық істерді қараудың сапасы мен жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Десек те, сот әділдігі жүйесін жетілдірудің бар мәселелері толықтай шешілді деуге келмес. Оның үстіне заман өзгеріп, қоғам өркениеттеніп, экономика дамыған сайын қолданыстағы заңдар да ескіріп, өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жататыны тағы бар. Ол заңды құбылыс. Бұгінде ескірген заңнамалар қолданыстан алынып, есесіне жаңа талаптар енді. Енді құқық қорғау органдары мамандары емес, қарапайым халықтың да онымен танысуына тура келді. Алайда, мемлекетімізді мекендеген әрбір тұрғынның барлығы бірдей құқықтық сауатты дей алмасымыз анық. Оны күнделікті жұмыс тәжірибесінен көзімізбен көріп те, байқап та жүрміз. Тіпті, арыз-шағымды қай жерден, қалай беру керектігін де білмей, мамандардарға жүгініп жатады. Осындай жайттарды ескере келе шағымданушыларға титтей де болса, қолұшын беруді ойлап, қолданыстағы заңнамадан түсінік бере кетуді жөн көрдік.
Алдымен қарапайым халықтың сот заңға сәйкес, азаматтық істерді қарау және шешу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының, еліміз конституциялық заңдарының, Азаматтық іс жүргізу кодексінің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, қолдануға жататын халықаралық шарттарының талаптарын сақтай отырып, қызмет корсететінін білгені абзал. Бұған қосымша, кодексте немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға сиымды өлшемшарттарын негізге ала отырып шешетінін де айтқымыз келеді. Сонымен, қолданыстағы жаңа кодекстің 4-бабына өзгеріс енгізіліп, онда азаматтық іс жүргізу міндеттері былайша нақтыланды: азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру, азаматтық айналымда, жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, істің толық әрі уақытылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға , сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылатындығына аса мән берілді.
Сонымен қатар, аталмыш кодекстің 15-ші бабына өзгеріс енгізіліп, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы туралы нақты мәлімет айқындалды. Онда тараптарға қатысты тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын өз бетінше және соттан, іске қатысатын басқа да адамдардан тәуелсіз таңдай алатындығы айтылған. Қазіргі таңдағы қолданыстағы Азаматтық іс жүргізу кодексінің заман талабына сай жаңарып, лайықталғанын ескерсек, дауды бейбіт жолмен шешу мәселесіне де айрықша көңіл бөлінгенін көреміз. Бұл жайында Азаматтық іс жүргізу кодексінің 24-бабында тілге тиек етіледі. Онда Соттың ведомстволығына жататын, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау-жанжал тараптардың жазбаша келісімі бойынша медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен шешілуі немесе бұған заңда тыйым салынбаған кезде, төреліктің, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының қарауына берілуі мүмкін екендігі нақтыланған. Және де заңнаманың сот сараптамасын тағайындау туралы айтылатын 82-бабына да өзгеріс енгізіліп, сот сараптамасын сот тараптың өтінішхатымен немесе өз бастамасымен тағайындайтындығы, сондай-ак, тараптың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың жазбаша дәлелдеменің бұрмалануы туралы арызына сот тиісті сараптама тағайындауға құқылы екендігі, әрі сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкіндігі белгіленген. Тіпті, жаңа кодексте азаматтық сот жүргізу ісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға болатындығы да айтылып отыр.
Тағы бір басты өзгерісі ретінде айта кетерлік жайт, тегін заң көмегін көрсету жайы. Ол 112-бапта кең түрде көрсетіліп: іс қаралғанда асыраушысынан айрылуына байланысты зиянды өтеуге қатысты дауларда талап қоюшыларды, жұмыс барысында денсаулығының зақымдануынан не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы дауларға талап қоюшыларды, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, әрі соған теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер, заңға сәйкес ақталған, тағы да басқа адамдарға олардың зиянын өтеу жөніндегі дауларға талап қоюшыларды заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге орай шығыстарды өтеуден толық босатуға жәнембюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндеттілігі түсіндірілген. Аталмыш кодексті мемлекетіміздің әрбір азаматының конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға негізделген маңызды құжат деп толықтай айта аламыз. Заңды білу заман талабы, ал, құқықтық сауатты болу, ол — уақыт талабы.
Қорыта айтатын болсақ, құқықтық сауаттылық – ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Яғни, өз құқығын білген адам ғана кез келген ситуациядан оңайлықпен шыға алады. Мысалыға, отбасындағы құқық бұзушылық, мектеп, жоғарғы оқу орнындағы құқық бұзушылықты алсақта осылардың барлығын алдын алу үшін өз құқығымызды білуіміз қажет. Себебі қазір құқықтық сауаттылық қоғам үшін маңызды.

Leave a reply