САУРАН: «САУРАН САЗЫ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛЬІНІҢ КЕШІ ӨТТІ

0
62

Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық «Сауран сазы» фольклорлық ансамбльінің гастрольдік сапары жалғасуда. Аталмыш өнер ұжымы ауданға қарасты барлық ауылдарға барып концерт қоюды жоспарлап отыр. Ең алдымен Жібек жолы ауылдық округіне концерт қойып қайтты. Осынау ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген ұлттық өнерге қолдау танытып жатқандар көп. Әсіресе концертті үлкен жастағы қариялар көптеп тамашалауда. Өйткені дәстүрлі төл өнеріміз, күй толғауларды, халық әндерін үлкендер жақсы қабылдауда. Ақ қар көк мұзға қарамастан көрермендер көптеп жиналуда. Сауран аудандық мәдениет үйіне қарасты Абай ауылдық клубында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған соғысының ақиқаты» атты ауған соғыс ардагерлеріне арналған мәдени шара өткізілді. Шараға аудандық, ауылдық ардагерлер келіп, ескерткішке гүлшоқтарын қойып тағзым етті. Осыған орай «Сауран сазы» фальклорлы ансамблі Қаражон ауылында гостролдік кешін өткізді. Күннің суығына қарамай, жақсы көңіл куй сыйлағандарына рахмет айтушылар көп. Сауран аудандық Мәдениет үйіне қарасты қарасты ауылдық мәдени ошақтарда жұмыс атқаратын талантты өнерпаздардан құралған «Сауран сазы фольклорлық ансамбльі Сауран ауданы әкімдігінің қолдауымен ауданға қарасты 12 ауыл аймаққа концерт қою үшін алғашқы сапарын бастады. Ансамбль өз өнерін Бабайқорған ауылдық окруігніне қарасты Абай ауылы мен Серт ауылына паш етті. Жетекшісі Өтепбергенова Гүлнар бастаған фолклорлық ансабль әуелі солист А. Жұмабайұлының орындауындағы, халық әні «Бір баладан» бастап, акапелла, күй, халық әндерін әуелете шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленіп, көпшіліктің батасын алып қайтты. Ертең Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Қаражон ауылы мен Сауран ауылында өнер көрсетеді. Ұлттық ансамблге қолдау танытып жатқандар көп. Бүгін «Сауран сазы» фольклорлық ансамблі Сауран ауданының құрылғанына 3 жыл толуына орай, Абай ауылына гастрольдік сапармен барып, ауыл халқын рухани азықпен сусындатып, әрі қарай Серт ауылында жалғасын тапты. Шара клуб сахнасында әсем әндер шырқалып, оқушылар ардагер ағаларға арнаған өлеңдерін оқумен жалғасты. Бұдан соң, Оранғай ауылдық клубында клуб және кітапхана қызметкерлері бірлесе отырып Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі Әйтеке Би Байбекұлының туғанына -380 жылдығына орай «Әділетті ту еткен Әйтеке би» атты тарихи сағат ұйымдастырды. Оранғай ауыл әкімшілік мамандары, М. Әуезов жалпы орта мектеп мұғалімдері және бір топ оқырман жастар кештің қонағы болды.

Leave a reply