ӘУЕЖАЙДАҒЫ ТЕРМИНАЛ ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

0
112

Шымкент қаласында жаңа әуежай терминалына кіреберіс автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жаңа автомобиль жолы мен Шалқаркөл көшесінің қиылысында құрылыс жұмыстары жүргізілуіне орай «Жиделі» шағынауданына қатынау «Сауда-логистикалық орталыққа» баратын автомобиль жолы арқылы ұйымдастырылатын болады.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 1-20 тамыз аралығында сызбаға сәйкес, жүзеге асырылмақ. Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз.

Шымкенттегі халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асуда. Бүгінде өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын терминалдың құрылыс-монтаж жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын «Альянс Контракт Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстарына 110 жұмысшы, 10-ға жуық арнайы техника тартылған.

Болашақта  әуе кемелеріне арналған перронды кеңейту жоспарда бар. Терминалға апаратын жаңа жол мен инженерлік құрылым мен абаттандыру жұмыстары да бірге аяқталады, деп жоспарланған.

Leave a reply