ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА
Шымкентте «Жасыл ел» және «Студенттер құрылыс жасақтары» қала тазалығына атсалысуда. 600-дей жас Абай ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазартты.
«Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтарында» жұмыс істейтін жастар бүгін таңертеңнен 8-шағынаудандағы аллеяға жиналды. Еңбеккерлердің міндеті — Абай ауданы аумағын күл-қоқыстан тазарту. Халық көп шоғырланған бұл ауданда бүгінде 30-дан астам елдімекен бар. 400-ден астам көпқабатты тұрғын үйге 200-ден астам аула қарастырылған.
Абай ауданының әкімі Бұқарбай Пармановтың айтуынша, ауданда кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы да жақсы жолға қойылған. Алдағы уақытта жастарды сондай нысандарға апару жоспарда бар.
«Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтары» қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазартады, тазалық жұмыстарына жұмылдырылып отыр. Қолдарына қап алып бірден іске кіріскен жастар айналаны қоқыстан тазартты. «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтары» 2 ай бойы жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында олар қаланың тазалығын сақтауға жұмылдырылады.
Жастар осыған дейін Қаратау, Еңбекші аудандарында болып, тазалық жұмыстарын атқарған. Жасақтарға жұмылдырылған 16-29 жас аралығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен белсенді жастарға мен еріктілерге 42500 теңгеден жалақы төленеді. Ал еңбекте белсенділік танытқан қыз-жігіттерге екі айлық жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы марапатталып, сыйлықтар табысталады.