ОРДАБАСЫ: АРЫС ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДА «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

0
86


Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жарияланып, тазалық жүргізуді бір реттік науқан емес, қоғамның күнделікті өмір салтына айналуын ұйымдастыру міндеті белгіленді. Аталған тапсырманы нақтылы іске асыруда «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясын жариялады. Әр аптаның бейсенбі күндері өтетін тазалық жұмыстарына түрлі деңгейдегі мәслихаттардағы партиямыздың фракция мүшелері, өңірлік, аудандық, қалалық партия филиалдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, қатардағы партияластарымыз қатысып, ең ластанған аймақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын атқарып келеді.
Тұрақты негізде, апта сайын ұйымдастырылатын акцияның өтетін аймақтары алдын-ала белгіленіп, әр науқанға кемі 100 адамнан қатыстырып, қоғамдастықтың экологиялық санасын қалыптастыруға, туған жердің табиғатын аялап, күтіп-ұстау мәдениетін көтеруге басымдық берілді. Түркістан облысы бойынша, партияның ұйытқы болуымен «Таза бейсенбі» акциясы өтетін 242 нүкте белгіленді. Бұл аймақтар аудан, қалалардағы ең көп ластанған нүктелер санатына жатады.
Өткен аптаның бейсенбісінде акцияның бірінші науқаны аясында партияның өңірлік филиалының қызметкерлері Түркістан қалалық партия филиалымен және Түркістан қалалық мәлихатындағы партиялық фракция депутаттарымен бірлесе Түркістан қаласындағы магистралды темір жолдың бойын экологиялық тазарту акциясына қытысты. Аманаттық өкілдер бей-берекет шашылған қоқысты жинап, аймақтың таза кейіпін қалпына келтіруге жәрдемін көрсетті. Айналада тұратын тұрғындарға қазақ руханиятының алтын бесігі болған шаһарды күтіп-ұстау бүкіл түркістандықтар бірлесе атқаратын абыройлы міндет екені түсіндіріліп, жасырын келіп осы аумаққа күл-қоқыс төгетін көліктерді байқайтын болса, лезде учаскелік полиция инспекторына хабар беру керектігі ескертілді.
Акцияның осы аптадағы науқаны барысында аудан орталығы Темірландағы Арыс өзені бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Барлығы 200-ден астам азаматтың басын қосқан науқанға аудан әкімі Азат Оралбаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихаттың депутаты Ғани Райымбеков, қатысып, тазалық жұмыстарына үлестерін қосты.

Leave a reply