САУРАНДА “ЖАСЫЛ ЕЛ” ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

0
62

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде “Таза Қазақстан” экологиялық науқаны Сауран ауданында тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін осы шара аясында ауданда “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының алғашқы маусымы басталды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаты Абдурашид Жүсіпов, ауданның бас имамы Бауыржан Ақауов, Оранғай ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бақтияр Бекназаров сөз сөйлеп, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының алғашқы маусымының ашылуымен құттықтап, жастарға ауданның гүлденуі мен тазалығына үлес қосуға шақырды.
Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Аталған бағдарлама аясында ауданда жалпы 90 жасты қамту көзделген. Ай сайын 45 жастан 2 маусымға бөлініп, жұмыс жүргізіледі. Жұмыс барысында жастар бағдарламаға арналған арнайы киімдер (футболка, бейсболка, қолғап) және құрал-жабдықтармен қамтылады. Одан бөлек, жазғы демалыс уақытында оқыту шаралары, кездесулер, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады.

Leave a reply