Пятница, 20 сентября

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 28 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

0
39

Келес ауданында 2024 жылы жоспарланған жол құрылыстарына Республикалық бюджет қаржысы есебінен, жалпы ұзындығы 35 шақырымды құрайтын 28 көшеге орта жол жөндеу жұмыстары басталады. Қазіргі таңда аудан бойынша орта жөндеуге 15 ішкі көшелердің тізімі анықталып құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Біртілек ауылдық округі Біртілек елді мекенінде Иса Байзаков, Алия Молдагулова, Исабайұлы Тамабай ата көшелеріне асфальт жамылғысын төсеуге ағымдағы орта жол жөндеу жұмыстары жасалуда.
Атап айтқанда:

1. Біртілек ауылдық округі Шұқырсай елді мекені Достык, Адалдық, Тамаша көшелері
2. Біртілек ауылдық округі Көлтоған елді мекені Ғазиз, Бағбан, Ырысты көшелері
3. Ошақты ауылдық округі Жетітөбе елді мекені Т.Бердияров, Г.Мүсірепов көшелері
4. Еңбек елді мекені Қ.Сатпаев, А.Жангелдин көшелері
5. Қошқарата ауылдық округі Бесауыл елді мекені Достық көшесі.

Айта кетерлігі орта жөндеуден өтетін 35 шақырымның 6,5 шақырымы Жамбыл ауылдық округіндегі Ащыкөл-Қалғансыр елді мекендерін жалғайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына өтсе қалған Біртілек елді мекеніндегі 13 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып отыр. Жеңімпаз анықталған жағдайда қалған көшелерге асфальт жабындысы төселіп орта жөндеу жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

Leave a reply