ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛУДЕ

0
41

Дастан елді мекенінде ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес асфальт төсеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 4,07 шақырымды құрап отыр. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Дастан елді мекеніне арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарының барысын пысықтады.

Жол құрылысында болған аудан басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына және мердігер мекеме басшысына жол жөндеу жұмыстарын сметалық құжаттамаға сай сапалы аяқтауды тапсырды.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысындағы елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеуге 11 млрд теңге бөлінді. Биыл Түркістан облысындағы елді мекендердің ішкі жолын жөндеуге 30 млрд теңге қаралды. Оның 2,9-ы республикалық, 3,2-сі облыстық, 11-і «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында және 12,7 млрд теңгесі аудандық бюджеттен бөлінген. Бұл қаражатқа ұзындығы мың шақырымнан асатын 630 көше жөнделеді деп жоспарланып отыр.

Leave a reply