Пятница, 20 сентября

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА АЛҚАПТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
43

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы бойынша»Созақ орман шаруашылығы» КММ-нің қызметкерлері Созақ, Шолаққорған және Мойынқұм алқаптарының орманшылық бекеттерінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып, тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелене түседі.

Шара барысында өрт маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін басты назарға алып, май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген шыны заттары сынды тұрмыстық қалдықтарды тазартты.

Тазалық жұмыстарына 28 мекеме қызметкерлері мен екі арнайы техника жұмылдырылып, 2 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экоакциясы асяында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда өңірде аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру санитарлық

Облыста экологиялық бағытта 4 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. «Өгем» қоғамдық бірлестігін тарапынан табиғи аймақты сақтап қалу мақсатында экоагротуризмді дамыту бойынша жаңа жоба іске асуда. Аталған жоба өңірге келген туристерге «жасыл» технологияларды күнделікті өмірге ендіру бойынша шебер-сыныптар көрсетіліп, демоучаскелерде 16 саяхат жүргізілді.

Leave a reply