ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
53

Сенбіліктің қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Осы мақсатта аптаның әр сенбісінде тазалық жұмыстарын жүргізіп отыруды үрдіске айналдырған отырарлықтар бүгін де игілікті іске үлестерін қосты. Сенбілікке біркісідей атсалысқан мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары әрбір бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.

“Таза Қазақстан” аясындағы тазалық шарасы барысында қоршаулар сырланып, арам шөптер оталды. Көше бойындағы арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы орындарға жеткізілді. Жалпыхалықтық шара аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерінде де ұйымдастырылып, тұрғындар қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытты.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аяқталған жоқ, бұл бағытта бекітілген іс-шараға сәйкес жұмыстар өз жалғасын табуда. Облыс аумағында сенбіліктердің нәтижесінде 15 449 шақырым жол, 1093 м2 аяқжол тазаланды. 1270 аялдама ретке келтірілсе, 175 мыңға жуық ағаш әктелді, 346 саябақ және сквер ретке келтірілді.

Облыстағы аудан орталықтарында қызмет көрсететін 18 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды (КГУ) күшейту мақсатында техникаларды алу бойынша облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға өтінім берілді. Талдау барысында аудан, қалаларға қосымша 380 техника қажет екені анықталды.

Leave a reply