ТҮРКІСТАН: «ТАУ САМАЛЫНДА» РЕСПУБЛИКА ЖАСТАРЫНЫҢ САЯСИ ЛАГЕРІ АШЫЛДЫ

0
31

Жастарға арналған саяси лагердің жұмысына «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері, депутаттар, жастарды қолдау жөніндегі республикалық және өңірлік кеңестердің мүшелері, жастар санатындағы қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері, еріктілер, эко-белсенділер, жас кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, шығармашылық жастар қатысып жатыр.

Шараның мақсаты – белсенді қазақстандық жастарды партиялық жобалар мен бастамаларды іске асыруға жұмылдыру, олардың заманауи дағдыларды игеруге қабілетін арттыру мақсатында өтіп жатыр. Сондай-ақ бұл шара жас белсенділер арасынан жаңа толқындағы саяси көшбасшыларды даярлауға мүмкіндіктерді кеңейтуге қызмет етеді.

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «Тау самалы» демалыс аймағында «AMANAT» партиясының жыл сайынғы республикалық жастар саяси лагері өз жұмысын бастады. Партия жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ауқымды шараға республикалық мәртебесі бар 3 қала мен 17 өңірден 300-ден астам делегаттар қосылды. Делегаттар 4 күнге созылатын шарада «Bir Tolqynda» диалог алаңының, тақырыптық панельдік сессиялар мен оқыту семинарларының жұмысына қатысады.

Ашылу салтанатында жастар үшін жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуға арналған түрлі бағыттағы тренингтер, тимбилдингтер және «Bir tolqynda» диалог алаңы өткізіліп, жастарды толғандыратын түрлі тақырыптар шеңберінде пікір алмасулар өтеді деп жоспарлануда.
Жұмысын бүгін ресми түрде бастаған республикалық саяси лагерь 24 тамызға дейін жалғасады.

Leave a reply