ТҮРКІСТАН: ІШКІ ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БАР

0
32

Туризм – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Туристік саланың дамуы бір табиғаттың әдемілігімен ғана емес, туристік бағытты дамытуға арналған құндылықтарымен де ерекшеленеді. «Туризм» – француз тілінде – серуендеу, жол жүру, яғни адамның бос уақытында мәжбүрлеумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін тәуекел жасауы. Жақын жерге баруды – серуен десек, ұзақ, алыс жерге бару – саяхаттау деп аталады. «Туризм» сөзінің алғашқы анықтамасын профессорлар Хунцикер мен Крапф 1942 жылы ұсынған. Туризм – әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. Адамдардың өз аумағынан тыс жерлерге орналасуы мен тұрақтануынан туындаған іс-әрекеттер мен құбылыстардың жиынтығы. Егер олардың орналасуы мен тұрақтылығы негізгі, тұрақты немесе уақытша пайдаланылмаған болса.
Қазақстанның әрбір аймағы – туризм кластерінің ошағы.

Түркістан облысында 2023 жылы туризм экономикасын дамыту мақсатында «Қасқасу»туристік-рекреациялық кешенін құру жобасы жолға қойылды. Туризм жобасына бөлінген инфрақұрылым көлемі 26,2 млрд. теңгені құрайды. Туристік нысан 2023 жылдың наурыз айында толықтай аяқталады деп жоспарлануда. Туристтік кешеннің бағыттарына тоқталар болсақ, жоба үш бағытта пысықталуда: бюджеттік кредит, ҚДБ кредиті және шетелдік инвесторды тарту. Аталған бағыттар бойынша ең бірінші МСМ-не қаржыландыруды ұйымдастыру туралы өтінім жолданды, және МСМ және ҰЭМ арасындағы институционалдық схема мен қаржыландыру механизмін келісу қажет. Сонымен қатар екінші бағыт бойынша ҚДБ-ға 31 млрд. теңгеге өтінім берілді. Үшінші бағыт бойынша катарлық инвесторға инвестициялық ұсыныс жолданды. Айта кетсек аталмыш туристік жобаның негізгі құрылтайшысы «Эристайл-Қазақстан «ЖШС . Түркістан облысы Төлеби ауданында» Қасқасу » туристік-рекреациялық орталығының инженерлік-коммуникациялық желілері объектісінің құрылысын жүргізуде. Жобаның жалпы құны-4,1 млрд. теңге. 2021 жылы – 1,2 млрд.теңге, 2022 жылы – 1 млрд. теңге, 2023 жылы-0,7 млрд. теңге бөлінді.

Сондықтан Түркістан шаһары – қаймағы бұзылмаған қазақтың қара шаңырағы. Берекесі ұйыған киелі мекен. Мағжан ақын жырлағандай, «Екі дүние – есігі, ер түріктің – бесігі», түркі әлемінің рухани ордасы. Түркістан шаһары бүгінде облыс орталығы ғана емес, еліміздегі ұлттық болмысымыздың, рухани қазынамыздың орталығы, яғни түркі дүниесінің рухани астанасы болып отыр. Облыс орталығы болғалы Түркістан қаласы түркі елдерінің басын біріктіріп, жақындастыра түсетін «Алтын көпірге» айналуда. Орта Азия елдері мен Түркия мемлекетінің жалпы съездері, мәдени-рухани басқосулары, түркі мемлекеттерінің саммиттері Түркістан шаһарында жалауын көтереді. Оның мақсаты – рухани қалада экономика және әлеуметтік саланың тамырына қан жүгіріп, мәдениет, білім және рухани ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жандандыру.

Leave a reply