Ұрпаққа адал еңбек пен білімді мұра қалдырған

0
628

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал азамат» тұжырымдамасында қоғамның тірегі – адал еңбек, әділдік пен білім екенін атап көрсетті. Осы қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырып, 43 жыл бойы жас ұрпаққа сапалы білім беруге адал қызмет етіп келе жатқан тұлғалардың бірі – Шарипова Айсұлу Әбдіразаққызы.

1965 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген Айсұлу Әбдіразаққызы 43 жылдық еңбек жолында филолог және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы ретінде білім саласына өлшеусіз үлес қосты. Ол педагог-зерттеуші ретінде шәкірттерін тек тіл мен әдебиетке ғана емес, ізгілікке, әділдікке тәрбиелеуге бар күшін салды. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде 16 жылдан бері еңбек етіп, өз кәсібінің нағыз шебері екенін дәлелдеп келеді.

Айсұлу Әбдіразаққызының еңбегі әрдайым марапатқа ие болды. 2013 жылы «Qurmet-AB» қоғамдық қорының шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталса, 2021 жылы «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған онлайн блиц-турнирдің жеңімпазы атанды. 2022 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «Самғау.KZ» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының байқауында «Үздік педагог – 2022» дипломын жеңіп алып, оқушылардың білім нәтижелеріне қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Сол жылы «Менің тілім – менің мақтанышым!» қалалық фестиваліне белсенді қатысып, тағы бір Алғыс хатқа ие болды. 2023 жылы «XXI ғасыр ұстазы» республикалық семинар-тренингінде өз тәжірибесімен бөлісті, 2025 жылы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚ педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасындағы «Ағылшын тілі» пәндік олимпиадасында шәкірт дайындағаны үшін марапатталды.

Айсұлу Әбдіразаққызы тек шәкірттеріне ғана емес, әріптестеріне де үлгі. Ол педагогикалық конференциялар мен ғылыми-тәжірибелік кездесулерде тәжірибесін бөлісіп, дарынды балалармен жұмыс істеудің әдістерін дамытты. Заманауи білім беру технологияларын сабаққа енгізіп, әр оқушының қабілетін ашуға ерекше мән береді.

Ұстаздық жолы – Айсұлу Әбдіразаққызы үшін жай ғана мамандық емес, өмірлік миссия. Ол шәкірттерін жан-жақты дамыған, білімді, тәрбиелі азамат ретінде қалыптастыруға ұмтылып, қоғамға адал қызмет етуді басты мақсат еткен. Президент Тоқаев атап көрсеткен «Адал азамат» тұжырымдамасының нақты көрінісі – осындай ұстаздар еңбегінде айқын көрінеді.

Айсұлу Әбдіразаққызының ғұмыр бойы адалдыққа, еңбексүйгіштікке және шәкірттерге шынайы қамқорлыққа толы. Ол үшін әр жетістік – ұстаздық парыздың, әр марапат – ел алдындағы абыройдың дәлелі. Мұндай тұлғалар – қоғамға үлгі, болашаққа сенім болып қала береді.

Leave a reply