Пятница, 20 сентября

ТҮРКІСТАН: АГРОТУРИЗМ БАҒЫТЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

0
16

Түркістан облысында агротуризмді дамыту ауылдық аймақтардың тек табиғи ресурстарын ғана емес, сонымен қатар қазақ елінің мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын, ұлттық асханасын жанғыртуда маңызды мәнге ие болары белгілі.

Жалпы, Түркістан өңірінде туризм саласы қарқынды дамып келе жатқан салалардың қатарында. Аталған саланы дамыту облыс басшылығының күн тәртібіндегі мәселелердің қатарынан түскен емес. Бұл жөнінде облыс әкімі былтыр күзде өткен туризм саласын дамытуға арналған келелі жиында туризм саласында әлі де ізденіс, жұмыс, тың идеялар керектігін айтқан болатын. Дархан Сатыбалды осы бағыттағы кемшіліктерге тоқталып, жұмысты күшейтуді тапсырды.

Мақсаты – Түркістан облысының агротуризмге бейімділігі мен әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің факторларын жан-жақты айқындап көрсетуге негізделеді. Зерттеу нәтижелері – Облыстағы агротуризмді дамыту ресурстарының жеткілікті екендігі анықталған; жергілікті мемлекеттік органдар тарапнынан агротуризмнің кейбір бағыттарын қолдауға қаржылай көмектердің жеткілікті екендігі айтылған; агротуризмді дамытудың мүмкіншіліктері қандай аудандарында жоғары екендігіне қатысты талдау жасалынып, ұсыныстар көрсетілген; агротуризм — аграрлық кәсіпкерліктің табысты туристік бағыт ретіндегі өзгешеліктері көрсетілді. Қорытындылар – Қазақстанның Алматы облысында агротурзимді дамытудың алғашқы тетіктері қалыптасты. Түркістан облысының агротуристік ресурстары басқа өңірлерінен ерекшеленуіне байланысты оны кәсіби тұрғыда қолға алу міндеті пайда болуда. Осыны ескере келе ғылыми жұмыс өңірдің агротуристік әлеуетінің ресурстарына егжей-тегжейлі талдау жасалынды.

Бұл сала отандық туризм мен ауылшаруашылықтың болашақтағы даму бағыттарын анықтайтын әлеуетті тақырыпқа жатады. Агротуризм — бұл ауылдық жерлерде ұйымдастырылуы мүмкін туризмнің бір түрі, соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге қарай, тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие екендігін айтуға болады. Бұл сектор ауылдық мекендердің экономикасының өсуіне, экожүйелер мен мәдени құндылықтарды сақтауға, аумақтардың дамуына, инфрақұрылым, ауылдағы жұмыссыздық сияқты мәселелер шешімін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда Еуропа елдерінің агротуризм саласындағы тәжірбесін, Түркістан облысының кейбір өңірлері үшін қолдана білу де пайдалы болары сөзсіз. Осыған орай, мақаланың зерттеу нысаны ретінде еліміздегі ауылшаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі Түркістан облысы таңдалынды.

Түркістан облысынан консерві өнімдері, тосаптар, жеміс пюрелері, «Dala Fruit KZ» тарапынан жеміс шырындары қойылды. Сонымен қатар екі өңірдің туристік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ішкі туризмді дамыту мақсатында ақпараттар беріліп, туристік орындары таныстырылды. «Өңірде сауықтыру туризмі өткен ғасырдың 50-жылдарында дами бастады. Бұған себеп — климаттың жылы болуы, таза ауа, қатты желдің болмауы, күн көзінің молшылығы, минералды су, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштары бар саябақтардың болуы. Мәселен, температурасы 49-52 градус Цельсийге жететін және ем үшін қолданылатын минералды судың құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, бикарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден мен микроэлементтер бар», — дейді «Turkistan Tourism Center» туристік ақпарат орталығында. Түркістан облысының шипажайларында ас қорыту жүйесі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол және аяқ, тері аурулары бар науқастар, сондай-ақ гипертониямен ауыратын адамдар денсаулығын жақсарта алады.

Leave a reply