ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЭКОТУРИЗМ БАҒЫТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

0
32

Бүгінде еліміздің әр өңірінде әр өңірдің әлеуеті мен мүмкіндіктерін, соның ішінде туризм саласын таныстыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай іс-шаралар ішкі туризмді дамытып қана қоймай, экономикалық өсуге және аймақтар арасындағы мәдени әлеуетін алмасуға ықпал етеді.

Түркістан өңіріндегі экотуризм табиғаттың сұлулығына зиян келтірмей ләззат алғысы келетіндерге бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Өңірдегі қорықтар, саябақтар және басқа да табиғи орындар жаяу серуендеуге, құстарды бақылауға және басқа да ашық ауада іс-шараларға арналған әртүрлі маршруттарды ұсынады. Табиғи тепе-теңдікті сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Кешегі Ақмола облысындағы көрсетілімдер Түркістан облысының туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға, жаңа қонақтар мен инвесторларды тартуға, сондай-ақ өңіраралық байланысты нығайтуға және бүкіл ел бойынша туризмді дамытуға ықпал етеді. Түркістан облысынан консерві өнімдері, тосаптар, жеміс пюрелері, «Dala Fruit KZ» тарапынан жеміс шырындары қойылды. Жалпы өңірде өндірілетін өнімдердің қатары көп. Әрі сапасы да жоғары. Тұрақты тұтынушылар қатары да артып келеді. Сонымен қатар екі өңірдің туристік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ішкі туризмді дамыту мақсатында ақпараттар беріліп, туристік орындары таныстырылды. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы өз сөзінде Түркістан облысы туризм бағытын сөзбен емес, істеп дамытып жатқан өңір екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Түркістанның туристік мүмкіндігін жоғары бағалады, онда агротуризмді де,и экотуризмді де дамытуға мүмкіндік мол екенін айтып өтті. Бүгінде туризм саласын дамытуға баса көңіл бөлінуде. Оның ішінде ішкі туризмді дамытуға басымдық берілмек. Белгілісі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, агротуризм – негізгі туристік бағыттардың бірі екені көрсетілген.

Туризм саласына 69 млрд. теңге инвестиция тартылды. Осы арқылы 19 туристік инвестициялық жоба аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл 35 млрд. теңгеге 10 жобаның іске қосылады деп күтілуде. Енді туризм саласы хақында. Брифинг барысында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков: «2021 жылдың 9 айында 1247,2 мың турист келсе, ағымдағы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 1310,5 мың адамға жетті. Оның ішінде 2021 жылы шетелден 4,4 мың адам келетін болса, 2022 жылы 4,8 мың адамға арту динамикасы байқалуда. 2021 жылы жалпы шаһарымызға 1417 мың адам келген. Орналастыру орындарының саны 2021 жыл 9 айында 45 болса, 2022 жыл 9 айында 57-ге жетті. Нөмірлер саны (бірлік) 2021 жыл 9 айында 951 болса, 2022 жыл 9 айында 1191-ді құрап отыр.

Түркістан облысында туризм саласы жақсы дамып келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері өңірге жалпы 500 мыңға жуық адам келген. Бұл көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қалаға келушілердің саны 104,0%-ға өскенін көреміз.

Leave a reply