САУРАНДА ӨТКЕН СЕНБІЛІКТЕ 40 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ШАҒАРЫЛДЫ

0
43

«Тазалық – табалдырықтан басталады», – дейді халық даналығы. Осы бір жақсы сөзді жанына серік еткен тұрғындар бүгінгі аудан көлемінде өткен санитарлық – тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау,шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.

Еліміз бойынша жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына аудан тұрғындарымен қатар барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдары қатысты. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында Сарыағаш ауданы әкімдігінің бастамасымен аудандық деңгейде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты.

“Таза Қазақстан” акциясының басты мақсаты — үйіміз бен туған жерімізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету.

Жалпы аудандық сенбілік мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі.

Облыста экологиялық бағытта 4 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. «Өгем» қоғамдық бірлестігін тарапынан табиғи аймақты сақтап қалу мақсатында экоагротуризмді дамыту бойынша жаңа жоба іске асуда. Аталған жоба өңірге келген туристерге «жасыл» технологияларды күнделікті өмірге ендіру бойынша шебер-сыныптар көрсетіліп, демоучаскелерде 16 саяхат жүргізілді. Табиғи жолмен энергия көзін ашып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар шаралар атқарылды. «Өгем», «ЭКО-Атамекен» қоғамдық бірлестіктері Сайрам-Өгем, Қаратау қорықтарындағы табиғатты қорғау мақсатында 7 экоакция өткізіп, жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлесі ерекше болды.

Leave a reply