Thursday, December 12

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

0
44

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «жаңа экономикалық бағдар» аясында өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруді жүктеді.

Жобаны Қазақстанның екінші деңгейдегі банкімен бірлесе отырып қаржыландыру аясында қолдау жос­парланып отыр. Оның жалпы құны – 153,88 млрд теңге, оның ішінде ҚДБ-ның қатысуы 64,46 млрд теңгені құрайды. Жобалық қуатқа шыққан кезде кәсіпорын жылына 100 мың тоннаға дейін каустикалық сода, 120 мың тонна ПВХ және 180 мың тонна кальций карбидін өндіреді. Ішкі нарықты қамтудан басқа, ЕАЭО және Еуропалық одақ елдеріне, сондай-ақ Қытай мен Түркияға экспорт жоспарланған.

Өткен жылы бұл салада бірнеше салмақты жоба іске қосылды. Ал биыл жылы серпінді жобалардың үлкен тобы өмірге жолдама алмақ. Қазірдің өзінде сала қарқыны жақсы.

Мәселен, біздің елімізде поливинилхлорид (ПВХ) өндірісі жоқтың қасы деуге болады. Дегенмен таяу жылдар ішінде бұл олқылықтың да орны толатындай. Өткен жылдың аяғына таман «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Түркістан облысындағы жаңа бір инвестициялық жобаға қаржыландыру ашты. «Састөбе» инновациялық кешені» компаниясы іске асыратын бұл жобаға каустикалық сода, ПВХ және кальций карбидін өндіру жөніндегі ауқымды бағыттар топтастырылған.

Жаңа бірегей өндіріс ішкі нарыққа отандық бизнесте сұранысқа ие дайын тауарлардың кең спектрін өндіруге шикізат береді. Каустикалық сода әртүрлі өндіріс саласында тоқыма, химия, тамақ, мұнай және басқа да көп­те­ген салада қолданылады. Кір жуатын ұнтақтың, сусабындардың, жуғыш және тазартқыш заттардың көпшілігінде каустик бар, қағаз, вискоза, тамақ және алюминий тотығын өндіруде де қолданылады.

Мемлекет басшысы «ел тағдыры үшін айрықша мәні бар» бірқатар жобаны жүзеге асыруды тапсырды. Үкімет соның ішінде бастапқы 15 жобаны 2024 жылы жүзеге асыруға тиіс. Бұл ретте мемлекет қазақ жерінің қойнауынан шығатын металдарды шикізат пен руда күйінде шетелге тасымай, терең өңдеуі, сондай-ақ мұнай-газ және көмір химиясына, ауыр машина жасауға, уранды конверсиялап, байытуға, автобөлшектер, тыңайтқыштар шығаруға айрықша назар аударатын болады. Қ.Тоқаев жаңа экономикалық саясат аясында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құрылатынын мәлімдеді.

Leave a reply