ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ӨСТІ
Биыл Түркістан облыс атағын алғанына бес жыл толып отыр. Соған қарамастан жан-жақты даму үстінде. 2023 жылғы Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 11,4 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы қаңтар деңгейіне 98,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 6 млн. АҚШ долларын немесе 171,1%, импорт – 5,4 млн. АҚШ долларын немесе 66,6% құрады. Сонымен қатар, өңір ауылшаруашылық өнімдерінің ең ірі жеткізушісі болып табылады. Облыстың үлкен артықшылығы — тез дамып келе жатқан және халқы тығыз орналасқан Ташкент елімен көршілес. Тиісті инфрақұрылымды дамыту кезінде шекара маңы ынтымақтастықтың ірі орталығына айналуы мүмкіндігі жоғары. Өнеркәсіпті дамытудың перспективалы бағыттары тау-кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнімдерін өндіру, құрылыс материалдарын өндіру екені белгілі. Тау-кен өнеркәсібінің дамуы өнеркәсіптік айналымға перспективалы барит кендерін, мыс пен кенді емес пайдалы қазбаларды тартумен байланысты болады. экономикасының негізгі құраушы көзі ауыл шаруашылығы (18,2%), өнеркәсіп (18,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,1%), құрылыс (9,2%), көлік және қоймалау (9,0%) болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.
Айтылған ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының басшылығымен аймақта ауқымды жұмыс атқарылуда.
Жыл басынан бері облыста экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштер 2 пайызға өскен. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан оң серпінді сақтап отыр. Тарқатып айтсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 519 млрд. теңгеден асып, 4,5 пайызға артты. Өсім негізінен өңдеу өнеркәсібі (231,1 млрд.теңге немесе 106,8%), электр энергиясын өндіру (39 млрд. теңге немесе 33,3%-ға), суды жинау, өңдеу және таратудың (5,7 млрд. теңге немесе 100,4%) есебінен қалыптасты.Бірыңғай индустрияландыру картасына Түркістан облысы бойынша 437 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілді. Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылмақ. Нәтижесінде 3 мың 305 жаңа жұмыс орны құрылады. Өңірде құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын, 100 жаңа жұмыс орны бар «ZHANASSYL» ЖШС мақта талшығын өңдеу зауыты жүзеге асты.
Бүгінгі таңда өңдеу өнеркәсібінде инвестиция сомасы 6 млрд. теңгеге 272 жұмыс орнын қамтитын 12 жоба іске асырылды. Жыл соңына дейін тағы 26 млрд. теңгеге 20 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда (6 жоба іске асырылды, 5,4 млрд. теңге, 215 жұмыс орны). Нәтижесінде 540 жаңа жұмыс орны құрылады.
Сондай-ақ, бүгінде Түркістан облысының даму стратегиясы дайындалып жатыр. Яғни, Түркістан облысының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі.
Бұл мақсатта ауқымды зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Құжатты дайындау үш кезеңнен тұрады. Жоба жұмысына бір топ сарапшылар атсалысып жатыр. Маңызды құжатты дайындауда өңір дамуындағы проблемаларды ескере отырып, дамыған елдер тәжірибелері де ескерілуде. Аталған құжатта 8 негізгі стратегиялық бағыт айқындалып, сол бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды.